УАШИНГТОН. 25 тамыз. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей диктаторы Владимир Путиннің Украина басшысы Володимир Зеленськиймен кездесуден неге қашатынын баяндады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ақ үй басшысы Ресейдің Украинаға қарсы соғысының сипатын анықтап, Зеленський мен Путиннің кездесуін ұйымдастыру әрекетінің неліктен сәтсіз аяқталғанына жауап берді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысына тағы бір рет түсіндірме бере келіп, қақтығыстың жеке сипатқа ие болғанын және оны тез арада тоқтату қажет екенін атап өтті. Ол мұны журналистермен әңгімелесу барысында сөз етті.
Трамп өзінің президенттігі кезінде көптеген қақтығыстармен күресуге тура келгенін және бастапқыда Ресей мен Украина арасындағы жағдай оңайырақ шешіледі деп күткенін жасырмады.
«Бірақ Украина мен Ресей арасындағы соғыс жеке тұлғалардың үлкен қақтығысы болып шықты. Біз мұның өзіне соңғы нүкте қоймақшымыз», – дегенді баса айтты Америка лидері.
Ол сондай-ақ Украина мен Ресей президенттерінің жеке қарым-қатынасының күрделілігі дипломатиялық процесті қиындатып жатқанын түсіндірді. Трамптың айтуынша, ресейлік диктатор Владимир Путин Украина лидері Володимир Зеленськиймен кездескісі келмейді, өйткені оны ұнатпайды, онымен жеке-дара отырып кездесуден тайсақтайды, жасқанады, қорқады.
«Себебі, ол бұған ұнамайды. Ол оны ұнатпайды. Менде де өзіме ұнамайтын адамдар бар. Маған олармен кездескен ұнамайды» деген Трамп өз кезегінде Зеленськийдің де Путинді ұнатпайтынын айтты.
USD




