9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оңалбек Сәпиев өмірден өтті

14 Шілде 2024 22:51
- Жаңалықтар, Таным
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оңалбек Сәпиев өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 шілде. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы партия қызметкері және экс-сенатор Оңалбек Сәпиев 81 жасында бақиға аттанды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Оңалбек Сәпиев 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды», – деп жазды қоғам қайраткері Кеңесбек Махамбетов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оңалбек Сәпиев 1944 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Өзгент» ауылында колхозшылар Сәпи Құдайбергенов пен Ұрқия Әбішеваның отбасында өмірге келді. Еңбек жолын мектеп бітіргеннен кейін ауданның «Октябрь» колхозында (қазргі «Қожакент» ауылы) шопан болып бастады.

Ол 1969 жылы Өскемен педагогикалық институтын, сондай-ақ 1971 жылы БЛКЖО Орталық Комитеті жанындағы жоғары комсомол мектебін және 1983 жылы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірді.

Оңалбек Сәпиев 1969-1981 жылдары Өскемен педагогикалық институты комсомол комитетінің хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы, БЛКЖО Орталық Комитетінде жауапты ұйымдастырушы, Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. Кейінірек Қызылорда облысының атқарушы және партия органдарында басшылық қызметін жалғастырды: Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы (1983-1985 жылдары), Жалағаш аудандық партия комтетінің бірінші хатшысы (1985-1987 жылдары), Қызылорда облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы (1987-1991), Сырдария ауданының әкімі (1992-1997) болып істеді. Ал 1997-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші шақырылымдарының Қызылорда облысынан сайланған депутаты болды.

Оңалбек Сәпиев қайда қандай қызмет атқарса да, өзінің жоғары мәдениетімен, білімділігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, қарапайымдылығымен, ашықтығымен, белсенділігімен, турашылдығымен және ақжарқындығымен көзге түсіп, ерекшеленіп тұратын.

«Ол тіршілігінде әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі адамдармен қоян-қолтық араласып жүруші еді. Бұлардың арасында Кенді Алтайдағы алтын өндіруші кеншілер мен металлургтер, Заполярьедегі кеме құрастырушылар мен бұғы өсірушілер, Карелиядағы орманшылар мен тас қашаушылар, Сыр бойындағы диқандар, малшылар мен балықшылар, орталық және өңірлік билік органдарындағы лауазымды тұлғалар, ел ішіндегі және сырттағы қызметтес әріптестері, көптеген елдердің парламентарийлері бар-тын. Осының бәрінде оның бүкіл өмірінің негізі мен өлшемі өзіне сенім мандатын тапсырған адамдар үшін арға жүгініп, адал өмір сүру болды», – деп жазды Кеңесбек Махамбетов.

Оңалбек Сәпиевтің Отан алдындағы қалтқысыз қызметі кезінде жоғары мемлекеттік марапаттармен, құрметті атақтармен атап өтілді. Солардың арасында Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет», III дәрежелі «Барыс», «Ынтымақтастық» ордендері және КСРО мен ҚР медальдары, БЛКЖО-ның Құрмет белгісі бар.

Біз Сәпиевтер отбасына, Қазақстанның Түркиядағы Тұрақты және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевке, бүткіл әулетіне, марқұмның туған-туыстары мен барлық тілеулестеріне қайғырып көңіл айтамыз.

Оңалбек ағаның пейіште нұры шалқысын. Алла алдынан жарылқасын.

P.S: Оңалбек Сәпиевтің жаназасы 2024 жылғы 16 шілдеде, Астана қаласындағы Мәңгі ел даңғылы, 65 мәнзілінде орналасқан Астананың бас мешітінде сағат 10-да өтеді.

Таңбалар: қазамемлекет және қоғам қайраткеріОңалбек Сәпиев

Ұқсас мақалалар

Өмірі өнегенің өрісі еді
Аймақ

Өмірі өнегенің өрісі еді

01.07.2026
Путиннің ең жақын серіктестері арасындағы бірінші құрдасы қайтыс болды
Әлеумет

Путиннің ең жақын серіктестері арасындағы бірінші құрдасы қайтыс болды

26.06.2026
Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist