18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26 Маусым 2026 10:02
- Жаңалықтар, Қайнар
Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОНАЕВ. 26 маусым. Алматы облысының Кеген ауданында өртелген мәйіті табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өліміне орай жаңа болжамдар тарады. Бұл туралы Politico.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазір 37 жастағы полиция қызметкерінің қапыл қазасына оның 15 жыл отасқан жұбайы Арайлым Әлсерова мен кәмелетке толмаған, 15 жасар балалары күдікті ретінде ұсталып отыр.

«Біздің мәнбенің хабарлауынша, марқұм Аслан Әлсеров 1988 жылы туған, Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі қызметін 2025 жылдың тамызынан бастап атқарған, ішкі істер органында 2007 жылдан бері бар. Оның жұбайы – 1989 жылы туған Арайлым Әлсерова да бұрын ішкі істер органдарында қызмет істеп, 2026 жылдың ақпан айында өз еркімен жұиыстан шыққан. Отбасында барлығы кәмелетке толмаған жеті бала тәрбиеленіп келген, оның екеуі асырап алынған», – делінген сайт хабарламасында.

Қайғылы оқиға 22 маусым түні Алматыдағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан пәтерде болған. Түнгі сағат 00:00 шамасында жұмыстан келген ер адам мен әйелінің арасында қырынуға арналған ұстараның жоқтығынан жанжал шыққан. Ұрыс үдей түскен кезде олардың 15 жастағы туған ұлы, 15 жастағы асырап алған баласы және сол күні қонақта болған олардың 14 жастағы досы бұларға араша түспек болады. Алайда ер адам сабасына түспей, түнгі сағат 02-лер шамасында жанжалды қайта жалғастырады. Сол кезде анасының пәрменімен асүйден балта әкелген өз ұлдары әкесінің дәл шүйдесінен қатты ұрған.

Соққыдан есінен танып, құлап түскен Әлсеровтің қолы мен аяғын әйелі кір жаятын жіппен байлап, қылқындыра бастаған. Содан кейін жіптің екі ұшын екі ұлына беріп тартқызған. Ер адам жан тапсырғаннан кейін күдіктілер марқұмның басына қара пакет кигізіп, денесін көрпеге орап өздеріне тиесілі көліктің жүк салғышына салған. Олар сол түні Алматы облысының Кеген ауданына жол тартқан. Жол-жөнекей жанармай құю бекетінен 38 литр бензин құйып алған. Ертеңіне мәйітті тасжол бойындағы таулы қыратқа апарып, өртеп жіберген.

Қол-аяғы байлаулы, күйіп кеткен денені 23 маусым күні мал іздеп жүрген жергілікті бақташы тауып алып, бірден полицияға хабар берген.

Тергеу барысында күдікті ретінде ұсталған марқұмның әйелі мен үш жасөспірім өз кінәларын толық мойындады. Олардың сөзіне қарағанда, марқұм ұзақ уақыт бойы отбасы мүшелеріне дене күші тұрғысынан және моральдық күйде қысым көрсетіп, ұдайы қол көтеріп келген. Бұл жәйттер тәркіленген ұялы телефондардағы бейнежазбалармен расталған. Бірақ жәбірленуші отбасы мүшелері бұған дейін олар құқық қорғау органдарына ешқандай шағым түсірмеген.

Қазіргі таңда пәтерден қылмысқа қатысы бар деген балта, пышақтар және өзге де айғақ заттар табылып, іс «топ болып алдын ала сөз байласу арқылы ерекше қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер Талғар аудандық полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Таңбалар: Аслан Әлсеровқазаотбасыполицей

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist