13 Шілде, 21:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өмірі өнегенің өрісі еді

1 Шілде 2026 18:09
- Аймақ, Жаңалықтар
Өмірі өнегенің өрісі еді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Елден, Сыр бойынан, Шиелі жерінен қайғылы хабар келді: Сол өңірге аты мәлім айтулы азамат, ардақты ақсақал, ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері Берікқара Әбжапбарұлы 90 жасында дүние салыпты.

Берікқара ағамыз шынында да өлшеулі өмірі өнегеге толы, өміршең істердің өрісі секілді күнгейі мол келісті кісі болатын.

Берікқара Әбжапбарұлы 1937 жылы 12 сәуірде Шиелі ауданындағы «Еңбекші» ауылында туған. Балғын балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген ол жастайынан еңбекпен шынығып өсті. Сондығынан болар, 1956 жылы аудан орталығы – Шиелі қала типті кентіндегі Октябрьдің 14 жылдығы атындағы №45 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін бірден өмірдегі еншісін еңбектен, қара жұмыстан іздеді. Сол жылғы түлектердің көтеріп жатқан үндеуіне сай ауылда қалуға бекем бел байлап, «Коммунизм» колхозына барып, күрішші болып шыға келді. Бұл жерде «барды» деген сөздің өзі шартты түрде алынып отыр, әйтпесе ол кезде өзі тұратын «Еңбекші» ауылының өзі осы колхоздың екі бөлімшесінің бірі еді. Үш жыл диқаншылықпен айналысқаннан кейін шаруашылықта жүргесін «керегі болып қалар» деген оймен 1959 жылы аудандағы №97 Бәйгеқұм кәсіптік техникалық училищесіне түсіп, оны 1960 жылы «комбайнер-тракторшы» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Бекеңнің өнегелілігі мұнымен тоқталып қалмайды, өзінің еңбекқорлығы мен ұқыптылығын бұрыннан танытып келген оны колхоз басшылары сол жылы  комплексті күріш звеносын басқаруға жібереді. Осы тұста оның маңдайы жарқырап, топ бастап шығатын дүлділді шағы басталады. Өзі басқаратын звенода керек кезінде тракторды, комбайн мен автомашинаны кезектесе айдап, күндіз-түні тынбай, еселі еңбек еткен бесаспап жігіт 1961 жылы ұжым бойынша тегістелмеген «жабайы танаптың», яғни инженерлік жүйеге келтірілмеген күріштік алқаптың әр гектарынан 61 центнерден өнім алады. Осының арқасында озат комсомол мүшесі ретінде сол жылы Мәскеуде өткен БЛКЖО съезіне делегат болып қатысады. Жай қатысып қоймай, Кремль сарайлары бірінің биік мінбесінен сөз сөйлейді. Ал 1966 жылы Қазақстан комсомолы съезіне делегат болып қатысып, оның Орталық Комитетінің пленум мүшесі болып сайланып қайтады.

Осылайша «Жақаевшылар қозғалысына» үн қосып, даңқты дихан ағасы Ыбырай Жақаевтың өзінің қолынан «Еңбек аттестатын» алған Берікқара Әбдіжапбарұлы кейін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталып, бірнеше рет ауылдық кеңеске депутат болып сайланады. Осы жылдары ауыл шаруашылығы көрмесінің алтын, күміс, қола медальдарына ие болады.

Берікқара ағамыз өзінің өнегелі өмірін еңбектен қол үзбей жүріп, жоғары оқу орнында оқып, білім алу жағынан да көркейте түсті. Сөйтіп, 1970-1977 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша сырттай оқып, бітіріп алады. Дәл осы уақыттың еншісінде «Коммунизм» және Ленин атындағы колхоздарда агроном, бас агроном болып абыройлы қызмет атқарады. Бұдан кейін өз алдына жеке совхоз болып ірге көтеріп кеткен туған ауылына қайта оралып, егін шаруашылығымен айналысты, 1987-1997 жылдары әуелі кәсіподақ ұйымын, содан соң ауылдық кеңесті басқарады. Ал 1997 жылы зейнеткерлікке шыққасын ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланып, қоғамдық жұмысын одан әрі жалғастырады. Осы жылдарда оның егін жинау науқаны кезінде қатарынан бірнеше жыл комбайн штурвалына отырып, ауылдастарына өзінің қол ұшын созғанын да жұрт әлі ұмыта қойған жоқ.

Берікқара Әбжапбаров ақсақалдың тағы бір өте-мөте өзгеше өнегесінің бірі оның жеңгеміз Рахиямен бірге отбасында он баланы өмірге келтіріп, олардың әрбірін қоғамның лайықты азаматы етіп, тәрбиелеп өсіргені сипатынан көрінді.

Бекең елдің ортасында жүріп атқарған осы жұмыстарының бәрінде халқына өте сыйлы, құрметті болды. Ал ғұмырының соңғы жылдарында бір ауылды аузына қаратқан нағыз абыз ақсақалы бола білді. Бұған ол өзінің адал еңбегі мен әділ басшылығының, турашылдығы мен тазалығының арқасында жетті. Біз білетін Берікқара ағамыз ешкімге ешқашан жамандық тілемеген, кімге болса да, өзінің жақсы тілегі мен ниетін арнаған, қиналғанға қол үшін беріп келген, сүрінгенді демеген аяулы да абзал жан еді.

Өзекті жанға өлмек бар. Жаратқанның пәрменімен оның да соңғы сағаты соққан екен. Алланың ісіне ешкімнің қарсы қояр амалы жоқ.

Қанша жерден өлімге қимаса да, бүгін аудан жұртшылығы, ауыл тұрғындары Бекеңді арулап, жер қойнына тапсырды. Мұның бір шарасы ретінде қаралы митингі өткізіп, жұрты оны ақырғы сапарына шығарып салды.

Жатқан жеріңіз жайлы болсын, аға! Пейіште нұрыңыз шалқысын!

Rast.kz интернет-басылымының ұжымы

1 шілде, 2026 жыл

 

Таңбалар: ардагерБерікқара ӘбжапбаровқазаШиелі

Ұқсас мақалалар

Ресейге алапат санкция енгізудің бастамашысы Грэм кенеттен көз жұмды
Жаңалықтар

Ресейге алапат санкция енгізудің бастамашысы Грэм кенеттен көз жұмды

12.07.2026
Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

09.07.2026
Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды
Аймақ

Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды

27.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

  • Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist