Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тоқаев БАҚ қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады
АСТАНА. 27 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
«Бұқаралық ақпарат құралдырының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы өзінің Facebook-тағы парақшасында.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осыдан кейін «Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін», – деп жазды осы әлеуметтік желідегі келесі жазбасында.