9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жазушы Ілияс Есенберлиннің түбіне жеткен кім?

18 Мамыр 2023 09:22
- Жаңалықтар, Қайнар
Жазушы Ілияс Есенберлиннің түбіне жеткен кім?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

1983 жылдың аяқ шенінде Ілия Есенберлин қайтыс болды. Бұл қазақ әдебиеті үшін Әуезов пен Мұқанов өлімінен кейінгі ең ауыр қаза еді…

Менің ойымша, жазушының өмірден тым ерте кетуіне мынадай екі түрлі жағдай себеп болды. Бастаған шығармасын жазып бітіргенше, жазылған кітабы жарық көргенше тағат таппайтын Есенберлин «Мұхиттан өткен қайық» атты бір романын қанша күш салса да шығара алмай кетті. Бұл да сол кездегі тоталитарлық жүйені жеріне жеткізе әшкерелейтін реалистік шығарма еді. Кітаптың жарық көруіне Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Имашевтен бастап, сол тұста баспа маңында жүрген белсенділер түгелдей қарсы болды. Алматыда қазақшасын шығаруға тиым салумен тынбай, романның орысша аудармасы Мәсеудің «Новый мир» журналына басылайын деп жатқанда осы жақтан хат жазып тоқтатып тастады.

Имашев бұл арада коммунистік идеологияны ғана қорғап қоймай, әдебиеттегі белгілі бір топтың сойылын соққанына күмән жоқ.

Жазушыны он жылдай әуре еткен осы шығарма оның жүйкесін тоздырып, күш-жігерін сарқып кетті. Сонан кейінгі бір шырғалаң, осыдан үш-төрт жыл бұрын Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы Лениндік сыйлыққа ұсынылған. Морис Симашконың аудармасында романның орысшасы да сәтті шығып еді. Ілекең бұл жолы сыйлық алмаймын деп деп ойлаған жоқ. Тілектес қауым да зор үміт артты. Өйткені дәл сол жылдарда бір халықтың төрт ғасырлық шежіресін қамтыған мұндай ауқымды шығарма ұлт республикалары түгіл, орыстардың өзінде де жоқ болатын. Оның қасында соңғы турға дейін Есенберлинмен таласып келген грузин жазушысы Нодар Думбадзенің жұқалтаң романы сол тұста әркімдер-ақ жазып жүрген, жәй қатардағы нәрсе еді. Бірақ керегі не, берекесі мықты, ұжымы берік грузиндер мен қазақтың іштеріне шынашақ айналмайтын күншіл арызқойлары екі жақтап жүріп, Лениндік сыйлықты Есенберлинге емес, Думбадзеге алып берді.

Әлі есімде: Мәскеу жақтан сәт сайын хабар күтіп жүрген сондай тағатсыз күндердің бірінде, жазушылар одағында Ілекеңмен жолығысып қалдым. Ағамыздың қабағы пәс, иығы солыңқы екен. Жәй-жапсар сұрағанымда:

– Мәсеудегі жағдай мәз емес, – деді Ілекең баяу күрсініп, – Бұрын аппараттағы біреулерге сенбей жүруші едім. Кеше сол жақта жүрген комиссия мүшесі Шыңғыс Айтматовпен сөйлестім. Грузиндер Думбадзеге сыйлық әпереміз деп артынып-тартынып Мәскеуде жүрсе, мұндағы біздің ағайындар менің үстімнен қарша боратып, арыз айдап жатқан көрінеді.

– Мыналары сұмдық қой. Сонда не айтады олар?

– Сол баяғы сарын: «Есенберлиннің романдары хан-сұлтандарды мадақтайды, феодализмді көксейді. Бүлікшіл Кенесарыны дәріптеп, ұлттар достығына іріткі салады. Қазақстанда ол кітаптарды халық қабылдамай, кезінде қатты сынға ұшыраған», деп жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмапты. Орыстардың да ішінде «ит өліп» жатыр ғой. Орталықта отырғандар жаңағы сөздерге иланып қалған сияқты.

–Арыз жазғандар кім екен, білдіңіз бе?

– Олардың кім екені былай да белгілі емес пе? – деп Ілекең терең тыныс тартты. – Өздерінен басқаға болсын демейтін, сол баяғы өзің білетін топтың адамдары… (Қабдеш Жұмаділов, «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романынан. Олардың кім екенін ғұмырнамалық романды оқып отырып, білуге болады).

Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ.

Сол ит тірлік, аяқтан шалу, ор қазу әлі күні жалғасуда.

Ел боламын дейтін ел бірін-бірі батырым деуші еді. Бізде бәрі керісінше… Өкінішті.

Ақшарқат АХМЕТБЕК

Facebook

Нұрлыбек Қуаңбаевтың парақшасынан алынды.

Таңбалар: жазушыИмашевІлияс Есенберлин

Ұқсас мақалалар

Асқар әлемінің жарқылы
Руханият

Асқар әлемінің жарқылы

18.05.2026
Орыстар тергеуден соң Остердің кітабын жаппай сатып ала бастады
Жаңалықтар

Орыстар тергеуден соң Остердің кітабын жаппай сатып ала бастады

27.04.2026
Біз құрмет тұтатын ниеті насат Несібелі
Жаңалықтар

Біз құрмет тұтатын ниеті насат Несібелі

30.12.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist