6 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жастарды батыл болуға шақырды

27 Шілде 2019 15:55
- Тіршілік
Жастарды батыл болуға шақырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Белгілі спортшы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.

22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы саны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы 18-29 жас аралығындағы жастар болады.

«Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден астам спортшылар бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын. Бұл еңбекке баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты көріп, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды жөн көрдім », – деді танымал күрескер.

«Кәсіп, жеке бизнес, бай болу жақсы, бірақ жол еңбекқорлық арқылы келеді. Менің достарым, таныстарым және бизнесмендер менен де ертерек тұрып, түн ортасында ғана ұйықтайды. Неліктен?, себебі, олар тек өздері үшін ғана емес, жұмыс үшін де, өз командасы үшін де, айналадағылар үшін де жауап береді. Бұл бизнес пен спорттың арасындағы ортақ нәрсе», – деп атап өтті Ардақ Назаров.

«Тек жұмыс арқылы ғана өркендеуге жетесіз», – осымен ережесіз күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров келіседі.

Білім беру жобаларының ерекшелігі – үш негізгі элементті біріктіру: оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеу. 22 шілдеден бастап 200 мың жас және көп балалы отбасылардың мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Бір қызығы, 60 сынып елорда мен ірі Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан. Дәл осы қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп бөлігі шоғырланған.

«Мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін жастар арасында танымал адамдарды тарту туралы «Атамекеннің» бастамасын қолдаймын. Өйткені, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мен атақты спортшыларды, шоу-бизнес жұлдыздарын қоғамымыздың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды алға жылжытуға шақырамын, – деді А.Назаров. – Мен жастарды батылдықпен алға ұмтылуға, ештеңеден қорықпауға шақырамын. Мемлекет жастарды қолдауда үлкен жұмыс атқарады: ол тек білім ғана емес, сонымен қатар гранттар мен несиелер де береді».

Спортшы жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың өкілі немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас кәсіпкер» жобасында оқи алады. Ол үшін өтінімді qoldau.atameken.kz сайтында қалдыра аласыз. Палата филиалдарымен немесе «Атамекен» ҰКП байланыс орталығы – 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).

 

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды
Әлеумет

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды

05.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist