АТЛАНТА. 7 шілде.Чемпионаттың 1/8 финалында Мысыр құрамасымен кездескен Аргентина командасы ең соңғы 90+2-минутта кэмбек жасап, жеңісті тартып әкетті. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Қарсыластар АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Mercedes-Benz Stadium» стадионында ойналды.
Чемпионаттағы плей-офф кезеңінің әрбір матчының алдында «бұл кенет Мессидің ең соңғы ойыны болып жүрмесін» деген ұры ойдың қылаң беріп келе жатыр. Осының алдында солай болды. 1/16 финалда Кабо-Вердемен шайқасқан Аргентина негізгі уақытты 1:1 есеппен ұстап тұра алды. Содан кейінгі овер-таймда 3 гол соғылды. Оның ең соңғысын 111-минутта кабоверделік Диней өз дарбазасына соғып алып, жеңістен күдерін үзді – 2:3.
Осы жолы да солай болды. Месси Мысырмен кездесуден кейін шабаданын жинастыра беруге сәл қалды.
Матч Аргентинаның дүркін-дүркін шабуылымен басталды. Бірақ біраздан кейін безбен басын теңгеріп үлгерген мысырлықтардың шабуылдары қауіпті бола түсті. Сондай бір жорықтардың жонында Ясер Ибрагим есеп ашып кетті. 15-минут. Ойын бұдан кейін де осы зауқымен өтіп жатты. Аргентиналықтар үстем болып тұрды. Осындай мезеттерде мысырлықтар өз алаңдарында тәртіп бұзып, пенальтиге жол беріп алды. Лекін, оны ұруды өз бөдіретіне алған Лионель Месси мүлт кетті, оның добын қақпашы қайтарды.
Екінші тайм да осы ағыммен өтіп жатты. Шабуылдайтын – Аргентина, қарсы жорық ұйымдастыратын – Мысыр. Сондай сәттердің бірінде, 67-минутта Зико тағы бір гол соғып кетті – 2:0! Бітті деген осы шығар. Жоқ, бітпепті. Месси осы кезде қарқынды арттырды. Адымен ол Ромероның басына қарай доп асырды. Гол! 79-минут. Ал 83-минута Мессидің өзі қақпа алаңындағы қатты қарбаласта таразы басын теңестіріп кетті – 2:2! Ал 90+2 минутта Фернандес ойынның соңғы нүктесін қойды. Сөйтіп, Аргентина ширек финалға шықты.
Финалдық ысқырықтан кейін Месси көзіне жас алды.
USD




