КИЕВ. 26 мамыр. Украина Қарулы күштері Ресей басқыншыларының логистикасына жойқын соққылар бере бастады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Соңғы айда оккупанттардың 125 жүк көлігінің талқаны шықты.
Украинаның қорғаныс күштері терең тылда басқыншылардың логистикасын жою үшін бұрын-соңды болмаған операцияны қолға алды.
Қазіргі күндері Ресей логистикасы оккупацияланған территориялардың терең тылында өртеніп жатыр. Украина мамыр айында өзінің ұзақ қашықтықты FPV дрондарының санын барған сайын арттыра отырып, бұрын-соңды болмаған қауырт науқанды бастады. Мұның жай-жапсарын Osint сарапшысы Клемент Молин соққылардың кадрларын зерттегеннен кейін талдап жазды.
Сарапшы мамыр айында кем дегенде 125 ресейлік жүк көлігінің қиратылғанын анықтады, оның 80-нен астамы еш жарамсыз болып, толығымен жойылып кеткен.
Украина қазіргі уақытта Ресей басқыншыларын қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен жабдықталу мүмкіндіктерінен айыруға тырысып, әскери көліктер мен жанармай құюшылардың дымсыз қалуларына күш салып жатыр.
Соққылардың негізгі бөлігі Бердянск пен Мелитопольдің маңынан өтетін, жау қолындағы Мариуполь-Таганрог трассасына қарай бағытталған. Сондай-ақ, көптеген шабуылдар Донецк және Луганск облыстарының негізгі артқы жолдарына жасалуда.
«Сұрапыл сып соққы беру науқаны осы айдың басында ғана басталды және біртіндеп қарқын алып келеді. Көптеген видеоларды мұқият қарап шыққанда, мұнда бұрын-соңды көріністердің орын ала бастағаны анық байқалады», – деп жазады Молин.
Сарапшы әзірге бұл операциялардың майдандағы ахуалға қатты әсер ете қоймағанын атап өтті. Алайда жақын арада жақсы әсер пайда болуы мүмкін.
Дәл осы шақта Украина Қарулы күштерінің Запорожье уәлаяты аумағында басқыншылардың шебін бұзып шығып, тағы бірқатар аумақтарды босатқандары жайлы жағымды ақпар тарап жатыр.
USD




