18 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Парламент Назарбаевты әспеттеу рәсімін алып тастауды ұсынды

5 Мамыр 2022 18:42
- Жаңалықтар, Қоғам
Парламент Назарбаевты әспеттеу рәсімін алып тастауды ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 мамыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын әспеттеу мақсатында берілген мәртебені алып тастау керек деп шешті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісті», – делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен, сенаторлар енгізген толықтыруға сәйкес, «Референдум туралы» Заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталатын болды.

«Бұл Конституциялық заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірледі. Өздеріңізге белгілі, заң жобасын биыл 4 мамыр күні Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын. Заң жобасын Парламент Сенатында қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру комитет отырысында қаралды. Сенат, республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ, «мемлекеттің тәуелсіздігін, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту» мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды», – деді Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Оның айтуынша, осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды.

«Қорыта келгенде, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынамыз», – деді комитет төрағасы.

Атап айтқанда, палата отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы аталған өзгерістерге қолдау білдірді.

Енді бұл құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Бұдан бұрынт хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды. Сенат депутаттары бұл норманы заң жобасынан алып тастауды ұсынды. Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр.

 

 

Таңбалар: мәртебеНазарбаевпарламентсенат

Ұқсас мақалалар

Ағат пікірге – адаспас ақиқат
Жаңалықтар

Ағат пікірге – адаспас ақиқат

01.09.2026
Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist