БРЮССЕЛЬ. 15 қазан. Украина президенті Володимир Зеленськийдің АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты айтқан сөздері Еуропа одағы басшыларының «жағаларын ұстатты». Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
ЕО басшылары Зеленськийден Трампқа байланысты айтқан қоғамдық сындары қатқылдығын азайтуды сұрайды. Одақтастар Украинаның АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасының одан әрі нашарлап кетуінен сескенеді.
ЕО басшылары Володимир Зеленськийді Дональд Трамптың қатал қалыпта сынауына тосқауыл қоюға шақыруға ниетті. Еуропа елдері астаналары мұндай өткір мәлімдемелердің Ресейдің жалғасып жатқан дамылсыз шабуылдары аясында Киевтің Уашингтонмен қарым-қатынасын одан әрі қиындатып жібереді деп қорқады.
Осыған орай жұма күні Брюссельде Зеленськиймен жабық кездесу өткізу жоспарланған. Мұның жайын Financial Times газетіне хабарласқан таныс үш шенеунік жеткізген. Олардың айтуынша, еуропалық көшбасшылар Украинаның қолдауын жалғастыра береді, бірақ олар бұған қоса өз тілектерін де нақты айтады.
Бұған Володимир Зеленськийдің Financial Times басылымына берген сұхбаты себеп болды. Онда Украина президенті америкалық әріптесін орыс диктаторымен ашықтан-ашық әмпей-жәмпей болып кеткенін қатты сынға алады. Ол Американың өздеріне барлау мәліметтерін бермей қойғандарын айтып, оны Ақ үйдің Кремльге деген ықыласынан туып отырғанын мәлімдеді. Уашингтон билігі қазір автократтар мен аса бай адамдарға бас ию жолына түсті. Осы берілген баға Еуропа елдері лидерлерінің «тіл-ауыздарын байлап тастады».
«Бәлкім, мұнда шындық та бар шығар, бірақ мұндайды барлық уақытта бірде» ашық айта беруге болмайды», – деді сондағы шенеуніктердің бірі.
Киев үшін еуропалықтардың ұстанымы одақтастардың, тіпті Трамптың іс-әрекетіне алаңдап отырса да, АҚШ-пен араны одан әрі шиеленісуден аулақ болғысы келетінін білдіреді. Олардың дабылы Зеленськийдің қоғамдық үніне қатысты: Уашингтонның Мәскеумен келісімін қолдауды талап ету туралы басылымда айтылмаған.
Зеленський мен Трамп арасындағы бұрынғы қақтығыстар кезінде еуропалық көшбасшылар арада делдал болып, Уашингтонға сапар шегіп, Америка президентін Украинаға көмек көрсетуді жалғастыруға көндірген еді. Енді, FT мәнбелерінің айтуынша, көптеген адамдар АҚШ-пен ынтымақтастықты сақтауға тырысып, Зеленськийдің өзімен сыни тұрғыда қатқыл сөйлесуге дайын отыр.
USD




