17 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16 Қазан 2026 23:37
- Жаңалықтар, Сайыс
Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 16 қазан. IBA президенті Умар Кремлев өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың шайқасындағы нокаут үшін «Гелендваген» көлігін сыйақыға беретінін айтты. Бұл туралы penalty.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Умар Кремлев Өзбекстан байтағында өтіп жатқан IBA Nomad 16 турнирінің мәтбұғат мәслихатында Хасанбой Дусматовтың (7-0, 5 КО) алдағы жоспарларын жайып салды. Оның айтуынша, аталмыш былғары қолғап шебері биылғы желтоқсанда кәсіпқой бокста кезекті кездесуін өткізеді. Ал келесі жылдың алғашқы айларында оның қатысуымен Ташкентте титулдық жекпе-жек ұйымдастырылуы ықтимал.

«Қазір дайындық жүріп жатыр. Хасанбой желтоқсанда жекпе-жек өткізеді. Одан кейін келесі жылдың басында Ташкентте оның чемпиондық атағын қорғау шайқасын ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ сол кездесудегі нокаут үшін «Гелендваген» автокөлігін жүлдеге тігуді де қарастырып жатырмыз», – деді Умар Назарович.

IBA президентінің мәлімдемесіне қарағанда, Дусматовтың алдағы титулдық кездесуі ерекше сыйақымен есте қалуы ықтимал. Атап айтқанда, жекпе-жекте нокаут тіркелген жағдайда Mercedes-Benz G-Class, яғни көпшілікке «Гелендваген» атауымен танымал автокөлік жүлдеге қойылуы мүмкін.

Дегенмен бұл бастама әзірге жоспар ретінде айтылды. Ұйымдастырушылар сыйлықтың нақты шарттарын жариялаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен IBA Nomad турнирінен кейін Умар Кремлев Өзбекстан боксының танымал өкілдері Хасанбой Дусматов пен Баходир Джалоловқа кәсіпқой рингте жекпе-жектер ұйымдастыруға уәде берген еді.

Өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін 2025 жылдың 20 шілдесінде Қырғызстан астанасы – Бішкекте өткізген. Сол жолы Дусматов филиппиндік нокаутшы Марк Антониомен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Хасанбой Дусматов қазірге дейін кәсіпқой бокста 7 шайқас өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті, соның бесеуін нокаутпен аяқтады.

Таңбалар: боксГелендвагенХасанбой Дусматов

Ұқсас мақалалар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар

Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist