17 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

17 Қазан 2026 14:19
- Әлеумет, Жаңалықтар
Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖАҢАҚОРҒАН. 17 қазан. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Машбек ауылында өңірге белгілі тұлға Машбек Нәлібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен республикалық дәстүрлі жастар турнирі сөреден шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Машбек Сапарбайұлы Нәлібаев (1926–2004) – еңбек және тыл ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Ол – Жаңақорған ауданындағы Түгіскен алқабына жаңа елді мекендер ірге қалап, шаруашылықтар құрылуына зор үлес қосқан қайраткер, осында 60-шы жылдардың ортасына қарай шаңырақ көтерген бұрынғы «Задария» совхозының өзі құрысқан «Политдел» (кейінгі – «Ақжол», қазіргі – Машбек Нәлібаев ауылы) бөлімшесінде ұзақ жылдар бойы табан аудармай бригадир болып еңбек етіп, ауыл шаруашылығын дамыту ісі мен осы елді мекеннің инфрақұрылымын қалыптастыруға тікелей атсалысқан толымды тұлға. Ол жаңа совхоз құрылысы қолға алынған тұста егіншілік пен мал шаруашылығы өндірістерін басқарып, жергілікті жұртты еңбекке жұмылдырған. Ауылдың су жүйесін реттеуге, егістік алқаптарын игеруге және алғашқы баспаналар мен әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ерекше еңбек сіңірген. Соның нәтижесінде қарапайым бейнетімен ауылдастары арасында қалтқысыз құрметке бөленіп, елдің берекесі мен бірлігін сақтауға ұйытқы болған нағыз ақсақал ретінде танылған. Қазір ауыл сол кісінің атымен аталады.

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов, мемлекет және қоғам қайраткері Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы өз кезегінде көп жылдардан бері дәстүрге айналып келе жатқан турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Еңбек және тыл ардагері Машбек Сапарбайұлы – саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, Отанға қызмет етуді азаматтық парызы санаған абыз тұлға. Оның өмір жолы – табандылық пен қарапайымдылықтың, еңбекқорлық пен шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Мемлекеттің нығаюы мен елдің өркендеуі – әр кезеңде маңдай терімен қызмет еткен осындай біртуар азаматтардың қажырлы еңбегінің жемісі», – деді Мұрат Ергешбаев.

«Жас палуандарымыздың болашақта биік белестерді бағындырып, қазақ күресінің абыройын асқақтатып, ел мерейін үстем етеді деп сенемін. Осы орайда, Сыр спортының серпінді дамуына ерекше үлес қосып жүрген Машбек Сапарбайұлының ұрпақтарына барша Сыр жұртшылығының, жеке Өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін», – деді ол сосын.

Айта кетуіміз керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақстан – спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз» деген болатын.

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен 11 мың орындық орталық стадион, Теннис, Инклюзивті спорт орталықтары және 24 жаңа спорт нысаны пайдалануға беріліп, бүгінде ел игілігін көруде.

Қазір облыс орталығында «Қызылорда Арена» көп бейінді спорт кешені салынып жатыр. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс нәтижесінде аймағымызда 377 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шараның ашылу салтанатында сондай-ақ Мархабат Жайымбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Машбек ата ұрпақтары атынан Пазылбек Нәлібаев сөз сөйледі.

Айта кетейік, 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Машбек Сапарбайұлын еске алуға арналған турнирге қатысушылар саны жылдан-жылға артуда. Биыл 21-ші мәрте жалауын көтерген дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан және аудандардан келген 250-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.

Таңбалар: дәстүрлі турнирЖаңақорған ауданыМашбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

«Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады
Аймақ

«Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

06.08.2026
Жаңақорғанда қайтарылған активтер есебінен су тарату станциясы салынды
Әлеумет

Жаңақорғанда қайтарылған активтер есебінен су тарату станциясы салынды

06.08.2026
Қызылорда облысында көп жылдан кейін қайтадан құс фабрикасы қатарға қосылды
Дәулет

Қызылорда облысында көп жылдан кейін қайтадан құс фабрикасы қатарға қосылды

06.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist