21 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17 Тамыз 2026 21:45
- Дәулет, Жаңалықтар
Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 тамыз. Белгілі саясаткер Қашаған мұнай кен орнының бөліске түсірілуіне байланысты бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтан жауап алатын кез келді деп есептейді. Бұл туралы Ertenmedia.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Қазақстанның Қашаған кен орнына қатысты халықаралық арбитражда көтерген 10,7 миллиард долларлық талабы Назарбаев дәуіріндегі мұнай келісімдерін қайтадан күн тәртібіне шығарды», – делінген хабарламада. Осыған орай саясаткер Қазыбек Бейсебаев мемлекет байлығын бөліске салған құжаттардың қалай жасалғанын қоғамнан жасырмай, ашық тексеріп, экс-президенттен жауап алатын уақыт жетті деп мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астана Қашаған жобасының шетелдік қатысушыларымен халықаралық арбитражда соттасып жатыр. Шатаққа тетік болған шарттардың жалпы құны 10 миллиард доллардан асып-жығылады. Дегенмен халықаралық сот әзірге түпкілікті шешім шығарған жоқ.

Қашаған кенін бөліске салу жөніндегі негізгі келісім 1997 жылы жасалып, 2008 жылы оған елеулі өзгеріс енгізіліпті. Шарт бойынша инвесторлар өндіріске жұмсаған шығынын алдымен мұнай есебінен өтейді, содан кейін ғана табыс мемлекетпен кең көлемде бөлісіледі.

Саясаткердің пайымынша, шығынның қолдан өсірілуі Қазақстанның өз мұнайынан түсетін үлесін ондаған жылға кейін сырғытып, Ұлттық қор мен бюджетке орасан залал келтірген.

«Егер келісімдер ұлттық мүддені ескеріліп жасалғанда, Ұлттық қорда қазір әлдеқайда көп қаражат жатар еді. Бюджет те бүгінгідей қысымға түспес еді», – дейді Бейсебаев.

Ол қазіргі дауды 2003 жылы АҚШ-та басталған атышулы «Қазақгейт» ісімен байланыстырады. Сол кезде америкалық кәсіпкер, Назарбаевтың кеңесшісі  Джеймс Гиффенге Батыс компанияларына мұнай-газ келісімдерін алып беру үшін Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына ондаған миллион доллар пара берді деген айып тағылған. Ұсталған сәтінде оның қолында Қазақстанның дипломатиялық паспорты болған.

Іркілдеген іріңді істе Нұрсұлтан Назарбаев пен бұрынғы премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың аттары қатар аталады. Осы орайда Қазыбек Бейсебаев «түпкілікті шешімді Балғымбаев өз бетінше қабылдаған жоқ, ол бар болғаны Назараевтың нақты тапсырмасын орындаушы ғана болды» деп есептейді.

Ал Гиффеннің қорғаушылары оның АҚШ барлау құрылымдарымен (ЦРУ) байланыста жұмыс істегенін ашық айтқан. Құпия құжаттар араласқан 7 жылдық соттан кейін негізгі жемқорлық айыптары алынып тасталған. Гиффен салық декларациясында шетелдік есепшотты көрсетпегенін мойындап, өтелген мерзіммен босатылған. Судья оның АҚШ алдындағы қызметін атап, «америкалық патриот» деп атаған.

«Назарбаевтың жанында еліміздің дипломатиялық паспортымен жүрген АҚШ тыңшысы отырды. Соның тұсында мемлекетке тиімсіз, кіріптар келісімдер таңылды. Ал ел басшысы мұндай экономикалық диверсиядан бейхабар болды деу ақылға сыймайды. Мұны Отанға жасалған опасыздық демегенде, не дейміз?» – деп жазды Бейсебаев.

Саясаткер Қашаған оқиғасын кезінде Қарағанды металлургия комбинатының Лакшми Митталдың қолына өту операциясымен сабақтастыра қарастырып, мұнда да алаяқтық барына күмән келтірмейді. Оның ойынша, стратегиялық кәсіпорындар мен табиғи байлықтың қандай негізде үлестірілгені енді толық тексерілуге тиіс.

Келесі кезекте Бейсебаев Назарбаевтың кезінде жасалған ірі келісімдердің бәрін түгел қайта қарап шығатын қоғамдық комиссия құруды ұсынып отыр. Ол бұған қоса, экс-елбасының Дубайға жиі сапарға шығып тұратынының себебін, соның ішінде биліктен кетерінен бір апта бұрынғы сапары мақсатын егжей-тегжейлі анықтауды талап етуде.

«Қазақстан оның жеке меншігі болды ма? Кеше ғана «Елбасы» атанған, аты астанаға, көше мен саябаққа берілген адам халықтың байлығын жат жұртқа қандай құқықпен үлестірді? Осы сауалға жауап берілмей, қоғамның алға жылжуы да мүмкін емес», – деп ойын тиянақтайды саясаткер.

Таңбалар: Қазыбек БейсебаевҚашағанНазарбаевтергеу

Ұқсас мақалалар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?
Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?

02.01.2026
Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әлеумет

Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

29.12.2025
Путин кезекті мәрте Назарбаевты Кремль төрінде қабылдады
Жаңалықтар

Путин кезекті мәрте Назарбаевты Кремль төрінде қабылдады

28.12.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist