9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Меркіттер 800 жылдан соң отандарына келді

27 Шілде 2019 15:54
- Таным
Меркіттер 800 жылдан соң отандарына келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Биылғы шілде айының 10-на қарай әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын меркіт ұрпақтары бұдан 800 жыл бұрын өз ата-бабалары дүниедегі алғашқы мемлекеттердің бірін құрған Бурятия жерінде жиналды. Бұл туралы Байкал-Daily сайты хабарлады.

Меркіт жұрағаты 13-14 шілде күндері республиканың ата-бабалары сакралды ескерткіштері сақталып қалған Мухоршибир ауданында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Оған жер-жаһаннның әр қиырынан келген этникалық меркіттер мен жергілікті бурят руларының өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Ғұн қоры» ұйымы Ресей Ғылым академиясы Бурят ғылыми орталығымен және Мухоршибир ауданы әкімшілігімен бірлесіп өткізді. Жиынға келген меркіт ұрпақтарының делегациясын 30 адам құрады.

– Нағыз меркіттер соңғы 800 жылда бірінші рет өздерінің тарихи отандарына келіп тұр, – деді «Ғұн қорының» өкілдері. – Бурят ғылыми орталығының ғалымдары «Орта ғасырлар меркіттері Орталық Азияның тарихында» атты ғылыми конференцияны дайындап, өткізіп жатыр. Меркіттер ұрпақтарынан құралған делегаттар сол дәуірде өз ата-бабалары алғашқы мемлекет құрған өңірге келді. Олар сондай-ақ XIII ғасырда меркіттер билеушісі Тоқтабек ставкасының археологиялық қазба орнында да болды.

Тарихи деректер бойынша, меркіттер – хунну халқының бір бөлігін құраған моңғол тектес тайпа. Олар XIII ғасырдың басында Шыңғысхан құрған империяның құрамына кірген. Қазіргі Байкал көлінің айналасы, Бурятия жері меркіттердің тарихи отаны болып табылады, олар Селенга және Уда өзендерінің бойларын жайлаған. Кезінде меркіттер удаит, хуасай және хат деп аталатын үш ірі тайпадан құралған.

Меркиттер мен Шыңғысхан

«Моңғолдың құпия шежіресіне» сәйкес, Темуджиннің болашақ анасы Оэлун 1153 жылы меркіт Чиледуге атастырылған екен. Алайда, оны Темуджиннің болашақ әкесі Есугей-багатур алып қашып кетеді. Кейінірек үш жүз санды меркіттер жас Темуджиннің қосына шабуыл жасайды. Сол кезде бас сауғалаған Темуджин келіншегі Бөртені тастай қашады. Ал меркіттер жас келіншекті Есугейдің Оэлунді алып қашуына кек ретінде өздерімен бірге әкетеді.

Міне, осы шабуыл меркіттердің келешектегі тағдырлары үшін бетбұрысты, шешуші сәт болып қалып қойды. Артынша жанына Тоғрыл хан бастаған керейттерді жинай алған Темуджин меркіттерге тұтқиылдан шабуыл жасап, әйелін қайтарып алады. Сол соғыста меркіттердің бір бөлігі қырылып, бір бөлігі Байкалдың арғы жағына қашып құтылады. Меркіттерге жорық жасап тұру мұнымен тоқтаған жоқ. Темуджин кейін Шыңғысхан атанғаннан кейін де жиырма жыл бойы меркіттерді қыруымен болды.

Алайда, Бөрте меркіт тұтқынында отырғанда, ұлы Жошыны туып алады. Болжам бойынша, ол Бөртені қолында ұстаған меркіт Чилгирдің баласы болуы мүмкін. Бірақ Темуджин оны өзімнің ұлым деп таныды. Дегенмен, кейін Жошының туған інісі Шағатай оны «меркіт тұтқынының мұрагері» деп сыртынан күндеп жүрді.

«Шыңғысхан меркіттерден ешкім тірі қалмауы керек, бәрін түгел өлтіру деп шешті, себебі, бүлікшіл және жауынгер меркіт тайпасы онымен талай мәрте соғысқан еді», деп жазады шежіре.

Осы қанды қырғыннан аман қалған немесе аналарының құрсағында жатқан меркіттер кейін туыстарының қолдарында жасырынып өмір сүрді. Бірқатары маңайдағы басқа тайпаларға сіңіп кетті. Нәтижесінде меркіттер Байкал даласындағы тарихи отандарынан айырылып қалды.

Қазіргі әлемде меркіттердің ұрпақтары бүкіл әлемге жайылып, көптеген елдердің территорияларына тарап кеткен.

Қазіргі заманғы меркіттер ұрпақтары

Меркіттер буряттардың арасында да бар. Мәселен, хори-буряттың хуасай (ухасай) руы меркіттің хоас (увас) бұтағы болып табылады. Ал хамниган құрамына этноним формасы «меркіт» саналатын мекерчин руы кіреді.

– Моңғолияда меркіттің мэргэд, хардал мэргэд, бага мэргэд және мэргэд онход руларының өкілдері тұрып жатыр. Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағындағы моңғолдар арасында меркіттің мэргэд, мэргэчид рулары кездеседі, – дейді «Ғұн қорының» өкілдері.

Ал Еділ қалмақтары арасында хо-меркит (хоо-меркед – «ақсүйек меркіттер») және ики-меркит («үлкен меркіттер») деген екі «аймақтық» меркіттер бар көрінеді. Қалмақтар құрамында сондай-ақ шара меркед, хара меркед, меркетняхин, мергечуд деп аталатын рулар ұшырасады. Мэргэд руы қалмақтың (ойраттың) торғауыт тайпасы құрамына да қосылған.

Ауғанстанға барып қоныс тепкен меркіттер қазір жергілікті хазарейлердің меркет деген руы болып аталады.

Меркіттер, әлбетте, қазақтың құрамында да бар. Ол, негізінен, Орта жүздегі керейдің бір тармағы болып келеді. Меркит руы сондай-ақ башқұрттар арасында да жүр.

Меркіттің бір буыны Ресейдің Кемер облысында тұратын телеуіттердің ортасында да өмір сүреді.

Ұқсас мақалалар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды
Жаңалықтар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды

08.07.2026
Роналдудың соңынан Месси де кететін еді. Ол ең соңында ғаламат жасады
Жаңалықтар

Роналдудың соңынан Месси де кететін еді. Ол ең соңында ғаламат жасады

08.07.2026
Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты
Жаңалықтар

Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты

07.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist