19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14 Тамыз 2026 23:40
- Жаңалықтар, Таным
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 14 тамыз. Қазақтың белгілі қаламгерлерінің бірі, ақын, жазушы, журналист, композитор, айтыскер Бекжан Әшірбаев кенеттен өмірден өтті. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлықтарының лауреаты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.

Қабырғалы қаламгердің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабарды Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ақын, публицист Қасымхан Бегманов жеткізді.

«Дарынды ақын, талантты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлықтарының лауреаты Бекжан Әшірбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен барша қаламдас қауымға қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды ол.

Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан (қазіргі – Түркістан) облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында туған.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан бастап осы бiлiм ордасында аға оқытушы қызметiн атқарған. Журналистика саласында да елеулі еңбек еткен. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университетi» газетiнiң бас редакторы (2002-2006), республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006), республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006), республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары (2007), республикалық «Қазақ әдебиетi» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары (2007 жылдан) болып қызмет атқарған.

«Оның ақындық әлемі де ерекше болатын. «Қоңыр әуен» атты жыр жинағы оқырманға жол тартса, айтыс өнеріндегі өрнекті сөздері, сазгерлік қыры мен ел арасына кең тараған әндері шығармашылық болмысының сан қырлы екенін танытты. Өмірінің соңына дейін әдебиет пен журналистикаға қызмет етіп, артында өшпес із қалдырды», – деп атап көрсетті Қасымхан Бегманов.

Бекжан 1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысып келді. Қазақ еліне әуесқой композитор ретінде белгілі әнші Тоқтар Серіктің орындауындағы «Көршінің қызы» атты әнімен кеңінен танылды.

Қош бол, арынды ақын, қарымды қаламгер, сырнайлы сазгер!

Таңбалар: ақынБекжан Әшірбаевқаза

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist