14 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

БАҚТИЯР БАҺАДҮР

13 Тамыз 2026 07:00
- Жаңалықтар, Таным
БАҚТИЯР БАҺАДҮР
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бақтияр баһадүр… Шынында да оның жүріп келе жатқан жолы баяғы баһадүрлердің сара соқпағына ұқсайды. Жаңаарқа жақта туды. Ару Алматыда оқыды. Шырайлы Шымкентке аттанды. Жалғыз жортқанды жөн көрмей, жан жары Жанат Тайжанды ерте кетті. «Егеменнің» ел ішіндегі ер көңілді тілшісі боп, еркеледі де жүрді. «Е, ертең-ақ қайтып ораласыңдар ғой», – дедік. Жоқ, төбе көрсете қоймады. «Екі жыл екі күндей болмайды» деп, әлі-ақ Алатаудың етегіне жетіп жығыларсыңдар», – деп тағы да мысқылдадық. Жоқ, өйтпеді. Бір жыл күттік, келмеді. Бес жыл күттік, келмеді. Он жыл күттік, келмеді…

Арқаның ағеден майдақоңыры Оңтүстік тұзды мұхитқа басымен сүңгіп, ұлы ағыс пен жылы ағысқа қарай құлаштап жүзді де кетті. Еркін жүзді. Екі-үш жылда шуақты Шымкенттің шып-шымыр қазағы боп шыға келді. Адам алдарлығы жағынан жергілікті жұрттан кем түспейді. Бір кездегі Карл Маркстің топ-томпақ баласы оттай ыстық Оңтүстікке тастай батып, судай сіңді. Судай сіңгені соншалық, Бақтияр баһадүр Жалаңтөс баһадүр секілді барған жерінің билігіне де ептеп араласа бастады. Талайдың тері тамшылап төгілген «Оңтүстік Қазақстанды» емін-еркін басқарды. Ерназардың сегіз ұлы мен Ер Төстігі секілді, бар басылым бір төбе, бұл басылым бір төбе екені баршаға мәлім. Бақтияр Тайжан осы газетке басшы боп тағайындалғанда Күлкістанның королі Көпен ағамның: «Бас редактор «ДТ» да болған жоқ, «ҚТ» да болған жоқ, «БТ» болды», – деген сөзі бірқақпайдың брендіне айналды.

Сол біртуар БТ қазір «Шымкент келбеті» газетін басқарып отыр. Бақтиярдың келбетіне қарасаң, Шымкенттің келбеті де былай жаман емес сияқты. Өйткені, ол үнемі күледі де жүреді. Сол күліп түскен суретінің бәрі, неге екені белгісіз, өзінің емес, Уәли Қыдырдың әлеуметтік желідегі парақшасында тұр. Сүйікті жездесін Сүлеймен пайғамбардай құрметтеген Уәлиге мадақтың бәрі лайық.

Бақтиярмен танысқанымыз да қызық. Осыдан отыз бес жыл бұрынғы отызыншы мамыр. Алматының тұрғынымыз. «Жас алаштың» сарбазымыз. Тұңғыш ұлымыз дүниеге келген күн. Түс әлетінде Татаркадағы тар үйде тұратын Қыдырбекке бара қалайын. Төрде басы доп-домалақ, шашы қайратты, жүзі жылы, бір жап-жалпақ жігіт отыр. Қазандай кәлласына, қапсағай тұлғасына қарап, оның үстіне небір спорт саңлақтары үзілмей түстеніп жататын Қыдырбектің шаңырағынан көрген соң әдепкіде балуан екен қалдым. Саусақтары пілдің ішегіндей жуан екен. Бұлшық еті бұлт-бұлт етеді. Пәледе неміз бар деп, кірпідей жиырылыңырап, сәл әрірек жайғастық. Жоқ, аңқылдаған жақсы жігіт екен. Жас кезінде едәуір күрессе, күрескен шығар, бірақ дәл қазір өзіміз секілді жазу-сызудың жолын қуып жүрген көрінеді. Алдында кіп-кішкентай баласы ойнап отыр. Қызық болғанда, Бақтиярдың үлкен ұлы Ернар дәл сол күні тура бір жасқа толыпты. Мұндай таныстық оңайлықпен ұмытылар ма?!

Таныстық білістікке, білістік сыйластыққа, сыйластық жолдастыққа, жолдастық достыққа ұласты. «35 жыл. Уақыт қой көп-көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім», – деп Мұқағали айтқандай, отыз бес жылдан бері сол ескі достықтың ескі арбасын әлі сүйреп келеміз. Бірақ ескі арба болғанмен, есті арба. Жақсылыққа қарай жетелейді. Жүрісінен жаңылмайды. Сол арбамыз жылқыны жексең де жүреді, жекпесең де жүреді. Біздің БТ-ның ешкімді алаламайтын ықылас-пейілі секілді.

Бүгін осы денелі досымыз, жалпақ жолдасымыз Бақтияр Тайжан алпыс деген асудың биігіне шықты! «Жалтақ досың болғанша, жалпақ досың болсын!», – деп, бәріміз бұған жүдә қуанып жатырмыз. Бойы бәкенелеу бәйтеректей, көлденеңі есік пен төрдей алпамсадай азаматымызға амандық тілейміз!

Белестерді бағындыра бер, Бақтияр баһадүр!

Бұл алпыс – айтулы алпыс, ақкөңіл алпыс!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2022 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: Бақтияр Тайжанжурналистспорт

Ұқсас мақалалар

ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ
Жаңалықтар

ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ

08.09.2026
«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді
Жаңалықтар

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді

01.09.2026
ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР
Жаңалықтар

ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР

14.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist