21 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

немесе Трапмтың күздегі Майами саммитінен біздің елдеріміз не күтеді?

14 Тамыз 2026 23:00
- Жаңалықтар, Көзқарас
Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Амандық болса, алдағы күзде Майамида өтетін жаһандық G20 саммиті Орталық Азия аймағы үшін үлкен саяси сілкініс әкелгелі тұр. АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл алқалы жиынға Қазақстан мен Өзбекстанды қатар шақыруы жайдан-жай емес. Бұл – қос мемлекеттің аймақтағы қозғаушы күш, яғни локомотивтік әлеуетін әлемдік деңгейде ресми мойындау.

Жақында әлеуметтік желілер мен сарапшылар ортасын шарлап, «Бұл саммит Қазақстанға не береді?» деген сұраққа жауап іздеп отырғанымда, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің: «Қазақстан мықты болса, Өзбекстан да мықты болады» деген ұтқыр сөзі көзіме оттай басылды. Бауырлас ел басшысының осы бір ауыз сөзі мені мүлдем жаңа пайымға жетеледі.

Саясаттанушылар әлі терең бойлай қоймаған осы Майами тақырыбы мен Мирзиёевтің салмақты бағамы мынадай ойға түрткі болды.

Әрине, Орта Азия елдерінің ортасынан екі елдің саммитке қатысуының өзі – үлкен саяси оқиға.

Астана мен Ташкент мұхиттың арғы жағындағы бұл жиынға жеке мүддемен ғана емес, «бірыңғай тандем» боп, ортақ мүддемен барса ше? Майами саммитіне Астана мен Ташкент бір ортақ мұратпен барса, Еуразия алабына жаңа саяси-экономикалық формат пайда болғалы тұр емес пе? Ол қандай мұрат?

Сонымен, алпауыттар арпалысқан алаңда бұл бірлік – тандем тұтас Орта Азия алабына не бермек? Талдап көрелік.

Бүгінде Батыс біздің өңірді тек шикізат көзі деп қарамайды. Қазір Орта Азия Шығыс пен Батысты жалғайтын басты транзиттік көпір әрі заманауи технологияға қажетті сирек металдардың маңызды ошағы саналады. Алайда осы жаһандық сауда-саттық пен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда су мен экология мәселесі аймақтың болашағын айқындайтын басты фактор екені әлемдік деңгейде ескеретін жайт.

Егер Орталық Азиядағы су тапшылығы мен Арал дағдарысы шешілмесе, салынып жатқан жолдардың да, Батыс көз тіккен түрлі ресурстардың да өміршеңдігі тұл. Өйткені Сырдария мен Әмударияның тартылуы, Аралдың ұлтанынан ұшқан тұздың бүкіл аймақтың ғана емес, тіпті мұздақтар мен мұхит суларына жетіп, жаһанның экономикалық тұрақтылығына тікелей қауіп төндіріп тұрған факторы құр сөз емес.

Қазақстан мен Өзбекстан бұл экологиялық апатты жалғыз шеше алмайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін БҰҰ мінберінен көтерген Халықаралық су ұйымын құру бастамасын алдағы  G20 алаңына міндетті түрде ұсынады, әрине. Ол – анық.

Өйткені бұл – өте қажет қадам. Көп жылдар Қазақ суының саясатын саралап жүрген журналист ретінде айтарым: бұл – Қазақстан үшін де, тұтас Орта Азия үшін де аса мыңызды мәселе.

Енді осы жерде ортақ су мәселесінде тең қиындық көріп, Арал теңізінің  апаттық зардабын қоса тартып отырған елдер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан АҚШ-тың осы саяси платформасы мүмкіндіктерін жеке дара емес, ортақ мүддеге бірігіп, саяси стратегия құрып, пайдаланулары керек сияқты.

Суға қатысты өздері шеше алмайтын проблеманың шешімін, – ол күрделі жоба бола ма, әлде халықаралық деңгейдегі ұсыныс бола ма, – өзара келісіп, шешімдерін, ұсыныстарын бір портфельге салып, барса қайтер еді деген ой бар.

Осы жерде «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей, жеке мүдде ме, ортақ мақсат па, деген сұрақты таңдау біздің құзырымызда емес. Оны жоғары мәртебелі президенттер шешеді.

Әрине, Астана мен Ташкенттің Майамиге «бір пакетпен» баратыны туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ. Бұл – бір айтылған журналистік түйсік.

Екі елдің бұл жиында өз ұлттық мүдделерін – Ташкент өндіріске инвестиция тартуды, Астана транзиттік мүмкіндіктерді жеке қарастыруы заңдылық. Лайым ол жұмыс та орындалсын. Алайда геосаяси мәселе тұрғысында  логика қозғасақ, көз алдыңызға мына картина келеді.

Егер тараптар бөлек-бөлек әрекет етсе, Батыс пен Трамп әкімшілігі өңірлік бәсекелестікті өз пайдасына жаратып, бізге сыңаржақ шарттар таңуы ғажап емес. Шавкат Мирзиёевтің «Қазақстан мықты болса, Өзбекстан да мықты болады» деген сөзінің түпкі геосаяси астары дәл осы жерде ашылып тұр.

Бұл жай ғана айтылған мақтау емес, бұл – екі ел иық тіреспейінше, сырттан таңылатын қысымдарға төтеп бере алмайтынын аңғартатын өміршең формула. Міне, мақалада мені тандем идеясына жетелеген де Мирзиёевтің осы сөздері.

Бүгінде Өзбекстан ішкі өндірістік әлеуеті мен демографиялық өсімі жағынан аймақтың басты өнеркәсіптік драйверіне айналды.

Ал Қазақстан мен оның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халықаралық деңгейдегі биік дипломатиялық беделі мен саяси салмағы қос елдің Орта Азиядағы әлеуетінің жаһандық аренада танылуына жол ашып отыр.

Сондықтан, Астана мен Ташкент бұл саммитке «ортақ мүддені бір портфельге салып» иық тіресіп барса, құба-құп. Әрі бұл қадам Орталық Азияның әлемдік саяси сахнадағы ролін де арттырған болар еді.

Себебі су, транзит және қауіпсіздік мәселесінде екі елдің бір дауыспен сөйлеуі – аймақтың дербес геосаяси субъект екенін әлемге мойындататын стратегиялық қадам болмақ.

Астана мен Ташкент іштей консенсусқа келіп, біріккенде ғана одан әрі қарайғы стратегияларында Батысқа өзінің кесімді шартын қоя алады.

Ал енді іргемізде көршілер бар. Олар не дер екен? Орта Азиядан суырылып шығып, дербес экономикаға ұмтылып, геосаяси ойындарда өз ережелерімен көріне бастаған қос мемлекетке Бейжің мен Мәскеу көзқарасы қай нүктеде болмақ, деген сұрақ бар.

Әрине, Астана мен Ташкенттің мұхиттың арғы жағындағы бұл саяси белсенділігі аймақтағы қос алып – Қытай мен Ресейдің назарынан тыс қалмасы анық.

Бейжің үшін Орталық Азия – «Бір белдеу, бір жол» жобасының басты қақпасы. Сондықтан Транскаспий бағыты Орталық дәлізді дамыту олардың экономикалық есептеріне қайшы келмейді.

Ал Мәскеудің бұл үрдіске көзқарасы әлдеқайда күрделі әрі сезімтал екені жасырын емес. Кремльдің Орталық Азия елдеріне өзінің ықпал ету аймағы ретінде қарайтынын ескерсек, Астана мен Ташкенттің Майами саммитіне бірлесе бір мүддемен барулары Мәскеу үшін оңай соққы болмайды-ау.

Трамптың саяси алаңына фигурант боп кірген екі елдің бұл қадамы Кремльді қатты ойландырары анық. Себебі бұл – өңірлердің Ресей уысынан шығып, дербес ойыншыға айнала бастағанының айқын белгісі.

Сондықтан Мәскеу бұл жағдайға барынша қызғанышпен қарауы мүмкін. Алайда Кремль мынаны ескеруі тиіс. Бұл – Орта Азияның ешкімге қарсы тактикасы емес. Өз мүдделеріне, ұлттық қауіпсіздігі жолындағы қос елдің таңдауы. Астана мен Ташкенттің біртұтас позициясы – сыртқы күштердің өңірді бөлшектеуіне жол бермейтін және аймақта тұрақтылықты сақтайтын ең сенімді, бейтарап жолы.

Болашақта Еуразия алабындағы ел ретінде Ресей де бұл форматтан ұтылмайды.

Дегенмен әзірге теріскей көрші не ойласа да, Еуразия жаңа саяси форматқа ұмтылуда. Солай болады да.

Егер Майамиге дейін екі ел басшылары Арал-Сырдария мен Әмудария бассейндері бойынша ортақ келісімге келіп, G20 алаңында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ортақ меморандум дайындап барса, сондай-ақ Батыстың көз тігіп отырған сирек металдар өндірісіне қаржылай-технологиялық инвестиция тарта алса, бұл үлкен жеңіс болар еді.

Былайша айтқанда,, Орталық Азия алпауыттардың текетірес алаңы емес, жаһандық тұрақты дамудың дербес әрі қуатты орталығы ретінле орныға алады деген сөз.

Айткүл ШАЛҒЫНБАЕВА

Таңбалар: Майами саммитісу мәселесіТоқаев пен Мирзиёв

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist