22 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20 Тамыз 2026 09:51
- Әлеумет, Жаңалықтар
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Алатаудың аясында, Алматының саясында тұратын тағы бір жақсы жан, Сыр бойының тумасы – Жамал Сейтенова тамыздың 19-ы күні түс әлетінде бұл фәни жалғанмен қош айтысып, бақилыққа қарай бет алды.

Жамал Сейтқасымқызы Сейтенова 1951 жылы 30 мамырда Қызылорда облысының Шиелі кентінде туған. Әкесі – Сейтқасым Сейтенов сол кездің өзінде есімі елге белгілі, жеке жинақтары шығып үлгерген сатирик ақын, жазушы, журналист еді. Қырық жасында өмірден өткенінше Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі – «Сыр бойы») газетінің Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі болып елге қызмет етті. Ал ақын ретінде Сыр еліне жақсы танылған анасы – Мәрия Жұматова бүкіл саналы өмірін Шиелі аудандық «Коммунизм жолы» (1965 жылдан – «Өскен өңір») газетіне арнап, редакцияда хат бөлімінің меңгерушісі, радио хабарларын ұйымдастырушы болып қызмет атқарды. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін аудандағы елге сыйлы ардагерлердің біріне айналды.

Сондай отбасында тәрбие көріп, үлкен өмірге жолдама алған Жамал Сейтенова 1972 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын (қазір – Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университет) «француз тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

Ол еңбек жолын сол 1972 жылы Шиелі ауданындағы №152 Жөлек орта мектебінде мұғалім болудан бастады. Мұның соңы Шиелі аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарып, аудан жастарының өміріне белсене араласуға ұласты. Бұдан кейін «Жаңатұрмыс» (қазіргі – Байсын) ауылындағы №207 сегізжылдық мектепті басқарды.

Арада тағы бірқатар жылдар өткен соң Алматы қаласына қоныс аударып, сол кездегі республика астанасының Калинин аудандық партия комитетінде нұсқаушы, аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы қызметтерінде болды. Кейінірек, тәуелсіздік жылдарында зейнетке шыққанша Калинин аудандық әкімдігінде табан аудармай, ұзақ жылдар бойы мансабын жалғастырды.

Жамал Сейтқасымқызы тіршілігінде қашанда жан-жағына мейір-шуағын төгіп тұратын жомарт жүректі жан болды. Ол қай уақытта да адам баласына қамқор қолын созып жүретін еді. Өз ісіне де, айналасына да, ағайын-туысқа да барынша адал-тын. Кез келген ортада ортақ әңгіме, жарасымды тақырып тауып, тез тіл табысып отыруға қайыл-ды. Оның өмірде өзара етене сыйласып, ерекше араласқан дос-жарандары аз болған жоқ.

Құдай қосқан қосағы, сүйіп қосылған жары – Сыйлық Арзымбетұлы бұдан 21 жыл бұрын 57 жасында кенеттен қайтыс болып кеткеннен кейін Жамал Сейтқасымқызы екеуіне ортақ, жастай қалған перзенттері – Дәулет пен Мәншүкке сапалы білім, саналы тәрбие беріп, қоғамымыздың лайықты азаматтары етіп өсіріп шығарды.

Ол өмірінің соңғы жылдары балаларымен қоса, өз немерелеріне де жақсы пана, тәлімді тәрбиеші бола біліп, олардың айрықша сүйікті әжесі атанды.

Соңғы уақыттары күтпеген жерден келіп киліккен кесел Жамал Сейтқасымқызын жасы енді ғана 75-тен аса берген шағында осы үйлесімді ғұмыр ырғағынан бөліп әкетіп бара жатыр.

Жаратқанның ісіне ешкімнің қарсы келер шамасы да, шарасы да жоқ.

Енді Алла алдыңыздан жарылқасын, аяулы Жәке! Пейіште нұрыңыз шалқысын.

Үйіміздің төрінде бұдан былай орныңыздың ойсырап тұратыны анық.

Қарлығаштай қанатымен су сеуіп, адамдарға жасаған жақсылықтарыңыздың бәрі ендігі бақилық кезеңдегі медетіңіз болсын.

Өмірдің өрінен өтсеңіз де, көңіліміздің көгінен кетпейсіз.

Жамал Сейтқасымқызын жақсы білетін, сыйласқан, араласқан барша тілектес қауым атынан – Rast.kz интернет-басылымының ұжымы

 

Ескерту: Марқұмның жаназа намазы 21 тамыз, жұма күні сағат 10-да Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі (Айманов қиылысы), 62-үйде өтеді

Таңбалар: АлматыЖамал Сейтеновақаза

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты
Әлеумет

Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

15.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist