21 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

14 Тамыз 2026 23:12
- Жаңалықтар, Қайнар
Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СЕВАСТОПОЛЬ. 14 тамыз. РФ басқыншылары басып алған Қырым түбегіндегі Севастополь қаласында ресейлік сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген деген күдікпен ресейлік әйел қамауға алынды. Бұл туралы «Новая газета – Европа» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ресей аннексиялап алған Севастопольдегі Ленин аудандық соты Маргарита Реутт есімді 32 жастағы ресейлік азаматшаны кеше Ресей әскери қызметкерін жарылғыш заттар көмегімен жарып жібірде деген айыптаумен екі айға уақытша ұстау оқшаулағышына отырғызды.

Осыған байланысты оған РФ Қылмыстық кодексі 250-бабының 3-бөлігі «б» тармағы бойынша (соңы кісі өлтіруге алып баратын лаңкестік) айып тағылып жатыр. Тергеудің болжамы бойынша, ұсталған әйел маусымның 25-нен бері «басқа тұлғалармен бірігіп», ресейлік әскери қызметкерді жарып жіберуге дайындық жұиыстарын жүргізіп келген. Нәтижесінде ол 13 тамыз күні сол мақсатына жетіп, әскери қызметкер алған жарақаттары салдарынан қаза тапқан.

Бұған дейін ФСБ ресейлік әйелді Украина арнайы қызметінің тапсырмасы бойынша жұмыс істеді деген тұжырым шығарған. Қырымдық сөз тасушы Александр Талиповтың сөзінше, әйел жарылыстан кейін бұл жерден Сочиге дейін жетіп алып, ары қарай Ресейден ұшып кетуді жоспарластырып отырған. Алайда оны бұл мақсатына жеткіздірмей, ФСБ қызметкерлері ұстап алған. Севастопольдің Ресей тағайындаған губернаторы Михаил Развожаев айыпталушы өзінің жарылысқа қатысы барын мойындаудан бас тартты деген әңгіме таратты.

Жоғары айтылған «сексот» Талипов пен Mash ресурсының мәліметтері бойынша, жарылыс жасады деген күдік таңылып отырған Маргарита Реутт Сочи қаласының тұрғыны болып табылады. Ол өткен жылғы жазда РФ армиясын «дискредитация» жасағанына орай айыпқа тартылған, яғни «орыс әскерінің беделін түсіргені» және «полицияға бағынбағаны» үшін 30 мың рубль айыппұл төлеп, екі тәулік абақтыда отырып шыққан екен. Соттың болжамы бойынша, әйел Самара – Адлер бағытындағы пойызда келе жатқанында Ростов облысыныі Лихая станциясына дрондар шабуыл жасап кеткеннен кейін: «Сендерге сол керек, орыстар!» деп айқайлаған. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткен.

Бұдан бөлек, Mash қыздың «ВКонтакте» желісінде «орысболуұят» («стыднобытьрусской») деген хэштегпен өзінің генетикалық тестін жариялағанын да атап өтті. Ол – Реутт паспортта «орыс» болып жазылғанымен, ұлтының мүлде басқа екені тегінен де анық көрініп тұр.

Ал қаза тапқан кім? Жарылыс 13 тамыз күні азанда Севастопольдегі Столет тұйығында орын алған. Блогер Анатолий Шарийдің, сондай-ақ украин БАҚ-тары мен телеграм-арналарының жазуларынша, теракт салдарынан РФ Қара теңіз флоты сүңгуір қайықтар жеке бригадасы командирінің орынбасары Роберт Шагеев деген болып шықты. Ол – Украина Қарулы күштерінің бұрынғы офицері, 2014 жылы Ресей Қырымды жалған сайлаумен басып алғаннан кейін Мәскеудің жағына шығып кеткен. Украина әскери прокуратурасы осыған байланысты оны сырттай «мемлекетке сатқындық жасады» деп айыптады.

 

Таңбалар: Маргарита РеуттСевастопольтеракт

Ұқсас мақалалар

Украина Қарулы күштері Севастопольде Ресейдің «Коммуна» кемесін талқандады
Жаңалықтар

Украина Қарулы күштері Севастопольде Ресейдің «Коммуна» кемесін талқандады

22.04.2024
Тәжікстан президенті терактіден кейін ел репутациясын көтеруге күш салды
Аймақ

Тәжікстан президенті терактіден кейін ел репутациясын көтеруге күш салды

25.03.2024
Мәскеудегі лаңкестік шабуылға қатысты деген күдікпен 4 тәжік азаматы ұсталды
Жаңалықтар

Мәскеудегі лаңкестік шабуылға қатысты деген күдікпен 4 тәжік азаматы ұсталды

25.03.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist