26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Анар Мешімбаева: Мені Назарбаевтың өзі елден кетуге мәжбүр еткен еді

28 Ақпан 2024 13:48
- Жаңалықтар, Таным
Анар Мешімбаева: Мені Назарбаевтың өзі елден кетуге мәжбүр еткен еді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 ақпан. Қазақстан Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева өзіне елден кете тұруға кеңес берген президент екенін айтты. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

2009 жылғы халық санағынан кейін Анар Мешімбаеваға 746 миллион теңге көлемінде ақша жымқырды деген айып тағылды. Сол кезде оған президент Нұрсұлтан Назарбаев елден кетіп, бой тасалай тұруға пәрмен берген.

Бұрынғы бас статист мұның бәрін Nege.kz сайтына берген сұхбатында баяндаған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа, Кәрім Мәсімовке және Қайрат Қожамжаровқа қатысты біраз жайды жайып салған.

Көпшілікке белгілі, 2009 жылы Мешімбаева мен оның екі орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алдымен екі орынбасар қамауға алынды. Содан кейін төраға бірден Түркияға тартып тұрды, артынан қонысын Мәскеуге аударды. Содан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды. Үш жыл бойы іздеуде болды. Ақырында Кремльді қалада қолына кісен салынып, елге әкелінді. Мұнда сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды. Бүгінде сол жазасын өтеп келіп отыр.

Бұрынғы төраға өз сұхбатында айтуынша, мұндай шешімге Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бұйрығымен барған.

«Елден кетпеймін, егер қашсам, шынымен «ақшаны ұрлады» деп айтады» дедім. Бірақ президент «Ештеңеден қорықпа. Әрі кетсе, бір жыл немесе бір жарым жылдан кейін қайтарып аламыз. Ол кезде бәрі тынышталады» деді. Ең бастысы, «сенің екі орынбасарың да түрмеге отырмайды» деген уәде берген. Негізі, сол екеуін босатсын деп кетіп қалған едім», – деді Анар Мешімбаева.

Алайда жағдай бұл ойлағаннан мүлде басқаша арнада дамыған.

«Өз басым президентке сендім ғой. «Сотталып кетем-ау» деген титтей де күмән болмады. Ал кейін «бәлкім, кетпегенде басқаша болар ма еді» деген ой да келді. Бірақ нақты білмедім. Мүмкін, елден кетпесем, бәрібір соттап жіберетін бе еді. Біз бәрі әділетті, шынайы болады деп күттік. Алайда оларға бұл ойын сияқты. Біреу былай айтса, оған сенеді, екінші біреу басқаша пікір білдірсе, «түрмеге отырғызайық, сабақ болсын» дейді. Олар адамның өмірін емес, саясатты ойлайды. Бұл жерде бізге қарсы жұмыс істеген қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаров қана емес, арнайы топ болды ғой», – деп әңгімеледі сотты болған бұрынғы шенеунік.

Мешімбаеваның сөзінше, сотта санаққа бланк, құрал-жабдық ұсынған қосалқы мердігер компаниялар салық төлемей, қаражатты жалған есеп-шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырғанын дәлелдей алмаған.

«Оның бәрін айттық қой. Бірақ бұл сотқа керек емес еді. Қаржы полициясы қалай жеткізді, сот соны жаза салды. Бұл компания маған ешқандай қаржыны пара ретінде ұсынған жоқ. Алайда қаржы полициясы «Компания қолма-қол ақшаны Мешімбаеваға пара беру үшін шығарған» деген уәж айтты. Сондай-ақ, «бұл қаржыны мені алды және сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовке берді» деп шығарды. Бірақ ақшаны менің алғаным және Мәсімовке бергенім туралы дәлел іздеген де жоқ. Қаржы полициясына Мәсімовті орнынан алу керек болды. Себебі, сол кезде бәрі келесі президент Мәсімов болады деп күтті. Меніңше, мұның бәрі Мәсімовті орнынан кетіру үшін жасалды. Бұған қалай көз жеткіздім дейсіз ғой. Екі орынбасарымның басына қап кигізіп: «Мешімбаева пара алып, оны Мәсімовке апарып бергенін растаңдар!» деген. Сосын олардан кейін маған дәл солай жасап, «ақшаны Мәсімов алды» деп айтқызбақшы болды. Бар жоспары – Мәсімовті қамату. Әрине, екі орынбасарым да маған қарсы ештеңе деген жоқ. Себебі, орынбасарларыма да ешкім пара берген жоқ. Жоқты бар деп қалай айтады?», – деді ол.

Мешімбаева Назарбаев туралы да қандай пікірде екенін білдірді.

«Өтінішті сотталған әр адам жаза алады. Бірақ мен онда кінәлімін деген жоқпын. «Мен ештеңе ұрлаған жоқпын. Менің ерте шығуыма қол ұшын беріңіз» деп статистика саласына модернизация жасағанымды қысқа ғана жаздым. Бірақ ол кінәсіз екенімді сол кезде де білді, қазір де біледі. Сол үшін ертерек шығарды деп ойлаймын. Жалпы, біреуге баға беретін ниетім жоқ. Бәлкім, ол кісі өмірден өткен соң нақты бағасын алатын шығар. «Уақыт – безбен» дейді ғой. Президент боп тұрғанда ел үшін дұрыс шешім қабылдаған кездері көп. Бірақ соңғы кезде өзінің және отбасының айналасындағы былықтары мен қылмыстары әшкере болуы қоғамда теріс көзқарас туғызды. Шын мәнінде, біздегі байлықпен халқымыз өте жақсы өмір сүруі тиіс еді. Егер зауыт, фабрикаларға, өнеркәсіпке дер кезінде модернизация жасап, ақшаны сол жерге құйғанда қазір басқа, гүлденген Қазақстан болуы мүмкін еді», – деді Анар Мешімбаева өз сөзінде.

Экс-шенді бас бостандығынан айырылған уақытын «Жауғашты» әйелдер колониясында өткізген.

Таңбалар: Анар МешімбаеваНазарбаевстатистикатүрме

Ұқсас мақалалар

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Венесуэла президенті Мадуро 18 адамдық жалпы камерада отыр
Жаңалықтар

Венесуэла президенті Мадуро 18 адамдық жалпы камерада отыр

15.05.2026
НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?
Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?

02.01.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist