23 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР

14 Шілде 2026 07:00
- Жаңалықтар, Таным
ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бозбала кезімізде Алматыда табыстық. Біз оқу іздеп, оттай жанған Оңтүстіктен келдік. Ол қыр арқасын соқа жыртқан, орысы мен орманы көп Солтүстік жақтан келді. Содан ба, санасы сергек, ойы орамды еді. Ұлт ұпайын түгелдейді де жүреді. Біз КазГУ-дің журфагына, ол КазПИ-дің тарфагына түсті. Бірақ журналистерге есесін жіберген жоқ. Еркін жазды, есіліп жазды, көсіліп жазды. «Бес ғасыр жырлайды» мен «Батырлар жырын» жата-жастана оқыған оның тілі керемет құнарлы еді. Сол тілді салды көркем көсемсөздің көкпарына… Қаламы қарымды спорт журналисі Қыдырбек Рысбек көп ұзамай-ақ жазу өнерінің шеберіне айналды.

Жастықтың жалауындай болған «Жас алашта» бірге қызмет істедік. Ол бұл басылымға бізден бір жыл бұрын келді. Дәлірек айтқанда, газеттің спорт бөлімінің меңгерушісі Несіп Жүнісбаев КазПИ-ге бір жиынға барғанда осы бір қағілез жігітке көзі түсіп, біраз уақыт бақылаған соң, оны «Лениншіл жастың редакциясынан бір-ақ шығарды. Сайыпқыран сөз сардары Сейдахмет Бердіқұловтың ұлағатты ұстаханасының қызуы қайнап тұрған көрігіне әкеп, салды да жіберді. Қыдырбек уақытпен санаспады, нағыз жазу жорығының сарбазы болды да шықты. «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым», – деген түркілердің тұжырымы оның сол тұстағы болмыс-бітіміне, тек-табиғатына көбірек келетін еді.

Арқадан Алатауға дейін алқынбай шауып жеткен Құлагер сынды еді ол… Біздің тұсымызда баспасөздегілердің де, басқа сөздегілердің де алымдылығы мен шалымдылығы жағынан оған жететіні жоқ-ты. Ол сөзін кестелей, сөйлемін дестелей білді. Ұлттық өрнек салды. Біз оның әр сөзінің астары мен қатпарын жатып алып зерттейтін едік. Қатарластарымыз арасында алғашқы кітапты да Қыдыр шығарды.

Өрімдей жас кезінде дүние жүзіндегі құрлықтар құлақ түрген оқиғаларға арнаулы тілші аттандыра алатын «Ер-Дəулет» ақпарат агенттігін құрды. Төрт-бес жыл дəуірі жүрген «Ер-Дəулет» жекеменшік агенттігі ресми агенттіктерден кем түскен жоқ. Кейіпкеріміз соңғы отыз жылда алты Олимпиаданың куəгері болды. Кəрі құрлықтардың шаңын қаққан талай дүбірлі додалардан шұғыл репортаж жолдады. Кейін спорт журналисінің қаламына қоса спорт шенеунігінің портфелін ұстады. Ірілі-ұсақты спорт мекемелерін басқарды. Ел аралап, шымыр денелі қазақ балаларын іздеп, шарқ ұрды. Өз ісіне əбден берілді. Егілді. Жегілді. Сөгілді. Төгілді. Барған жерінің бəрінде жайқалып өскен құрақтай жасөспірімдер бой көрсетті. Соның бəрі шығармашылығына ептеп қолбайлау болғаны да рас.

Жоқ, қолын байлағанымен, жолын байлай қоймапты. Бұрын спорт əлеміне ат қосқан ұлт ұланына қатысты жылт еткен жаңалықты елге жедел жеткізіп, тұғырлы тарландарды теңдессіз теңеулер арқылы кейіптесе, енді қазақ спортының шежіресін жасаумен айналысты. Балуандарды да, боксшыларды да түгелдеп шықты.

Жақында төрт аяғын тең басқан тағы бір туындысын ұсынды. «Қазақтың 72 бапкері» деген ауқымды жинақ – шүмектеп емес, шелектеп төгілген тердің жемісі. Осыдан кейін талай спортшыны томағасын алып, топқа салған оны қай бапкерден кем дей аламыз?!

Айналаң аман, төңірегің түгел болсын, қазақтың 73-ші бапкері! Қазынаң молая берсін, Арқа төсінде жортқан Құлагер!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

2021 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: журналистспорт

Ұқсас мақалалар

МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Жаңалықтар

МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

21.10.2026
ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ
Жаңалықтар

ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ

08.09.2026
«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді
Жаңалықтар

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді

01.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist