26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Чемпиондар лигасы финалынан соң Кварацхелия орысша жауап беруден бас тартты (видео)

2 Маусым 2026 12:54
- Жаңалықтар, Қайнар
Чемпиондар лигасы финалынан соң Кварацхелия орысша жауап беруден бас тартты (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БУДАПЕШТ. 2 маусым. Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Сакартвело (Грузия) құрамасының лидері Хвича Кварацхелия финалдық ойыннан кейін орысша сөйлеуге ынта танытпады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Картвель (грузин) футболшысы венгер (хунгар) байтағындағы «Пушкаш Арена» стадионында Париждің «Пари Сен-Жермені» мен Лондонның «Арсеналы» арасында 30 мамыр күні ойналған УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчында бұлардың алдыңғылары сапында алаңға шықты.

Тбилисидің 25 жасар тумасы кездесудегі ең белсенді қимылдаған футболшылардың бірі болды. Ойынның екінші таймында париждіктерге таразы басын теңестіруге мүмкіндік беретін пенальтидің белгіленуіне де сол себепкерлік етті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Содан кейінгі овер-таймда да есеп өзгерген жоқ. Ал кезек пенальтиге келгенде, ПСЖ 4:3 есебімен басым түсті. Лондондықтардан соңғы орындаушы допты қақпа маңдайшасы мен бағаны қиылысына тигізіп, мүлт кетті, демек, дарбазашы ресейлік Матвей Сафоновтың қақпада тұрғаны болмаса, тікелей қол тигізуі болмады.

Картвель футболшысы Хвича Кварацхелия бұл күні жақсы ойыны үшін ғана емес, сонымен қатар финалдық матчтан кейінгі бір әрекетінің аарқасында да күллі әлемнің көзіне ілікті.

Айта кетейік, Кварацхелия шетелдік мансабын 2019 жылы Ресейдің «Локомотив» (Мәскеу) клубында бастады, бірақ сол жылы жазда «Рубин» (Қазан) жасағына ауысып, 2024 жылға дейін келісім-шартқа отырды. Алайда 2022 жылғы ақпанда Ресейдің басқыншылар армиясы Украина жеріне жаппай шабуыл жасағаннан кейін өз еркімен командадан кетіп, отанына оралды. Сол уақытта Батумның «Динамосында» ойнады. Ал 2025-2026 жылғы маусымда, яғни осы мәреге жеткен чемпионатта «Пари Сен-Жермен» сапында өнер көрсетті. Турнирдің қорытындысында ол Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншысы болып танылды. Шабуылшы 16 ойында 10 гол салып, 6 нәтижелі пас берді.

Енді финалдық кездесуден кейінгі инцидентке келейік. Оның барысында Кварацхелия Ресей журналисінің осы оқиғаны орысша қайталап айтып беруін сұрағанда, түрі кілт өзгеріп, оған ағылшын тілінде: «No, I can’t speak, sorry», яғни «Жоқ, мен сөйлей алмаймын, кешіріңіз», – деп жауап қайтарды. Бұдан әрі картвель (грузин) тілінде сөйлеуді жалғастыра берді. Хвича кейін де неге бұлай жасағанына түсіндірме беріп, әуре болып жатпады. Бұл, әрине, ресейліктер мен орыс тілділер отырған чаттарда кезекті бір ашу мен ызаға толы үлкен талқылаудың аренасына айналып кетті. Сонымен қатар, картвель спортшысының бұл бас тартуына қатты мән беріп, қызу қолдап жатқан желі пайдаланушылар аз болмады. Мұнда, әсіресе, посткеңестік, яғни бұрын Кеңес Одағының құрамында болған елдердің тұрғындары айрықша белсенділік танытып жатыр.

Таңбалар: журналисторыс тіліХвича Каварацхелия

Ұқсас мақалалар

БАҚТИЯР БАҺАДҮР
Жаңалықтар

БАҚТИЯР БАҺАДҮР

13.08.2026
ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР
Жаңалықтар

ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР

14.07.2026
БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ
Таным

БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

06.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist