11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20 Шілде 2026 06:32
- Жаңалықтар, Сайыс
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 20 шілде. Бүгін тура түн жарымында Нью-Йорктегі «New York/New Jersey Stadium» стадионында өткен финалдық матчта Испания Аргентинаны овертаймда 1:0 етіп ұтып, өзінің тарихында екінші дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бұл туралы «СпортЭкспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталды.

Негізгі уақыттың өне бойында Испания құрамасы басым ойнағанымен, матчта есеп ашылмай, 0:0 есебімен аяқталды.

Мұның есесіне, испандар қосымша уақыттың екінші таймында жалғыз гол соғып, өздері діттеп келген мақсаттың биігіне көтерілді.

Чемпиондық тағдырын шешкен «алтын голды» 106-минутта Нико Уильямс берген допты тиімді пайдалана білген Ферран Торрес соқты. Оның қақырата ұрған добына бұл жолы қақпашы тосқауыл қоя алмай қалды. Осы жеңісті жеткізген екі футболшы да соның алдында ғана алаңға шыққан еді.

Сөйтіп, Ферран Торрес Аргентина мен Месси мифінің күлін көкке ұшырды.

Алаңда олардың өздері емес, көлеңкелері жүргендей әсер қалдырды. Тіпті олардың финалға қалай шыққандарына таң қалғандар да аз болған жоқ.

Бұған қоса, Аргентина қосымша уақыттың бәрін азшылықта өткізді – матчтың 90+3-минутында екінші мәрте сары қағаз алған Энцо Фернандес алаңнан қуылды. Бірақ ол тіпті бұған дейін ескерту алмаса да, осы жолы «ашық аяқпен» ниетті түрде қарсыласына шабуыл жасағаннан кейін алаңнан қуылып кетуіне болатын еді. Жалпы, аргентиналықтардың біразы ойынды өте дөрекі өткізді. Сондықтан сары қағазды да түгел солар алып шықты. Олардың арасында арандату пиғылында жүрген футболшылар көп болды.

Матч барысында испандардың есеп ашатын және оны ұлғайта алатын мезеттері өте көп кезікті. Алайда соның бәрінде – қақпа алаңына қарай пас беруде де, келген допты сәтті игеріп, тиімді пайдаланып қалуда да қателіктер жиі ұшырасты.

Дегенмен ақырында әділдік салтанат құрды. Турнирдегі басты фаворит саналған Луис де ла Фуэнтенің командасы сол үмітті ақтады.

Осымен, Испания екінші сапар әлем чемпионы атанды. Ол бірінші рет бұл атаққа 2010 жылы қол жеткізіп еді.

Жалпы, осы кезге дейін Бразилия (5 рет), Германия (4), Италия (4) және Аргентина (3), Уругвай (2) және Испания құрамалары чемпион атанған болатын.

Чемпионат қорытындысында Испанияның жартылай қорғаушысы Родри турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Ал француз Килиан Мбаппе 10 добымен ең мерген шабуылшы атағына қол жеткізді.

Суретте: Ферран Торрес.

 

 

 

Таңбалар: әлем чемпионыиспанияфутбол

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді
Жаңалықтар

Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist