18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түріктің «Анкарагюджю» клубы президенті матчтан соң төрешіні сабап тастады

12 Желтоқсан 2023 17:19
- Жаңалықтар, Оқиға
Түріктің «Анкарагюджю» клубы президенті матчтан соң төрешіні сабап тастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКАРА. 12 желтоқсан. Түркияның «Анкарагюджю» клубының президенті команданың «Ризеспормен» ойынынан кейін арбитрды соққы жығып, өзі түрмеге түсті. Бұл туралы Би-би-си ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Инцидент дүйсенбі күні кешке жергілікті «Анкарагюджю» мен «Ризеспор» арасындағы суперлига чемпионатының кездесуі кезінде орын алды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 14-минутында Олимпиу Марицанның есеп ашуымен алда тұрған алаң иелері 97-минутта өз дарбазаларына гол жіберіп алды. Арбитр бірінші таймда анкаралық Әли Соудың соққан добын есепке алмаса, 51-минутта оның өзін екінші «сары қағаз» алуына байланысты алаңнан қуды.

Матч аяқталған бойда «Анкарагюджюдің» қожайыны әрі президенті Фарук Кожа алаңға жүгіріп шығып, бас төреші Халил Умут Мелерді бетінен ұрды. Ал арбитр құлап түскенде, президентпен бірге бірнеше ойыншы оны жабылып тепкілеуге кірісті. Мұның ақырында рефери сүйектері сынып, кеселханаға түсті.

Жанжалды оқиға сол мезетте тікелей эфирден көрсетіліп тұрды.

Осыдан кейін Фарук Кожа мен қазыны сабауға қатысы бар тағы екі адам дереу қамауға алынды. Сондай-ақ Түркия чемпионатындағы барлық матчтар белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды. «Барлық лигадағы ойындар белгісіз уақытқа дейін кейінге қалдырылды. Төрешіге шабуыл жасау – бүкіл түрік футболы үшін масқара, ұят жағдай», – деді Түркия футбол федерациясының президенті Мехмет Бюкекши.

Кожаның өзі оқыс оқиғаның «төрешінің дұрыс қазылық етпеуінен және оның қасақан жасаған арандатушылық әрекеттерінен» туып кеткенін мәлімдеді.

37 жастағы Халил Умут Мелер – түрік арбитрлары ішіндегі ең беделділерінің бірі. Ол сондай-ақ UEFA-ның мейлінше рейтингісі жоғары төрешілерінің тізіміне кіреді, ұйым аясындағы халықаралық матчтарға қазылық жасауға жиі шақырылып тұрады.

Оспадарсыз оқиғаға Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанды да үнсіз қалдыра алмады. Ол болған жайтқа еріксіз жаға ұстағанын айтып, төрешіге тезірек сауығып кетуді тіледі.

«Спорт бейбітшілік пен бауырмалдықты үндейді. Спорттың зұлымдыққа қатысы жоқ. Біз түрік спортына зорлық-зомбылықтың еніп кетуіне ешқашан жол бермейміз», – деді Ердоған.

Түркия жастар және спорт министрі Осман Ашкин Бак төрешіге шабуылды батыл айыптады. Әділет министрі Йылмаз Тунч факт бойынша тергеу амалдарының қолға алынғанын баяндады. Ішкі істер министрі Әли Ерикая тергеу барысын ұдайы назарда ұстап отыратынын жеткізді.

Түркия футбол федерациясының президенті Мехмет Бюкекши «Анкарагюджю» клубының қатаң жазаға тартылатынын айтып отыр. Ол «адамшылықтан жұрдай оңбаған оқиғаның» осы клубтан шығуы негізсіз емес екеніне де назар аударды.

 

Таңбалар: АнкарагюджютөрешіТүркияфутбол

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist