8 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23 Тамыз 2026 21:05
- Жаңалықтар, Сайыс
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УЭСТ БРОМИДЖ. 23 тамыз. Қазақстандық 18 жасар футболшы Англияның Чемпионшип лигасында өнер көрсететін «Бернли» командасы құрамында алғаш рет алаңға шықты. Бұл туралы amanvibe.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Бернли» бұл күні 2-турдың кездесуін Уэст Бромидждің «Вест Бромвич Альбион» клубының алаңында өткізді.

Дастан матчтың 57-минутында ойынға қосылды. Ол форвард Джоша Лоранды алмастырды. Сол кезге дейін бернлиліктер 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді.

Дастан Сәтбаев алаңға шыққаннан кейін кездесу келесін өзгерте алған жоқ. Ол нәтижелі пас та бермеді. Бірақ бірнеше рет жақсы финттер көрсетіп, әріптестерімен тіл табысып ойнады. Осы аралықта «Бернли» тағы бір гол жіберіп алып, жалпы есепте 1:3 болып ұтылды.

Матчтағы есеп 8-минутта ашылды. «Вест Бромвичтің» жартылай қорғаушысы Каллум Стайлз өз қақпасына гол соғып алып, «Бернлидің» алға шығуына жол беріп қойды. Алайда алаң иелері таразы басын көп ұзамай теңестіріп үлгерді. 18-минутта Харри Уитвелл қарымта доп соғып кетті.

Командалар үзіліске дейін бұдан артық гол сала алмады. Ал екінші таймның басында «Вест Бромвич» тез басымдыққа қол жеткізді. 46-минутта Айзек Прайс есепті 2:1 етті. Арада 11 минут өткеннен кейін Сәтбаев алаң төрінен көрінді. Сөйтіп, ол «Бернли» сапындағы бірінші ресми матчын өткізді.

Кездесудің 65-минутында «Вест Бромвич» күтпеген жерден пенальти ұру мүмкіндігін алды. Оны Айзек Прайс тиімді пайдалана біліп, ақырғы есепті 3:1-ге апарды.

Flashscore порталының болжамы бойынша, Дастан өзінің ойыны үшін 6,1 балл алған. «Бернли» ойыншылары арасында ең жоғары баға – 7,3 балл Кайл Уокерге қойылды. Ал матчтың ең үздік ойыншысы болып 8,8 балл алған Айзек Прайс танылды.

Осы екі ойыннан кейін «Бернли» 1 ұпаймен 22 команданың арасында 18-орында тұр. Ол бірінші ойынында тең нәтижеге қол жеткізген.

Дастан Сәтбаев бұл команда сапында маусым соңына дейін ойнайды.

 

Таңбалар: БернлиДастан Сәтбаевфутбол

Ұқсас мақалалар

«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды
Жаңалықтар

«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды

03.09.2026
«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді
Жаңалықтар

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді

01.09.2026
«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті
Жаңалықтар

«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

29.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist