26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында «Үздік елді мекен» конкурсы сөреден шықты

7 Маусым 2023 19:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында «Үздік елді мекен» конкурсы сөреден шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 7 маусым. Қызылорда облысында Президенттің бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Үздік елді мекен» атты конкурс жарияланып отыр. Бұл туралы Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge: Taza Qazaqstan» акциясы аясында Сыр өңірінде үздік елді мекендер мен үлгілі шағын аудандар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады», – делінген хабарламада.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайында да баяндады.

«Конкурс елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы орта қалыптастыру, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету, тазалық пен көгалдандыру шараларына ынталандыру үшін өткізілуде. Жеңімпаздарды «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аудан орталығы», «Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы» аталымдары бойынша тәуелсіз сарапшы комиссия анықтайды», – деп мәлімдеді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, конкурс шарттары бойынша, «Үздік аудан орталығы»,«Үздік ауыл» және қаладағы «Үздік шағын аудан» анықталады, ал жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайтын болады.

«Үздік аудан орталығы» номинациясы бойынша І орынға арнайы жол тазалағыш КАМАЗ және қалдық тасымалдаушы МАЗ автокөлігі, ассенизатор мен кран-манипулятор беріледі. Ал ІІ орынға қалдық тасымалдаушы көлік, ассенизатор және жол тазалаушы трактор тағайындалды. Сол сияқты ІІІ орынға ассенизатор мен жол тазалаушы трактор тарту етіледі.

«Үздік ауыл» аталымына ие болған үш ауылға да бағалы сыйлықтар тапсырылады. Соның ішінде І орын алған ауылға жер қазатын трактор мен самосвал ЗИЛ автокөлігі, ІІ орынға жер қазатын трактор мен тіркеме, ал ІІІ орынға жер қазатын трактор сыйға тартылады.

Қызылорда қаласы аумағын қамтитын «Үздік шағын аудан» номинациясы бойынша І орын алған шағын ауданға сквер, спорт алаңы салынады.  Ал ІІ орынға абаттандыру мен спорттық ойын алаңы сыйға берілсе, ІІІ орынға абаттандыру жобалары ұсынылады.

Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға 14 техника беріледі.

Бұдан бөлек, озық шыққан елді мекенге скверлер мен спорттық алаңдар салынып, көше-аулалары жарықтандырылады.

Алдағы уақытта бұл конкурс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Таңбалар: конкурсНұрлыбек Нәлібаевүздік елді мекен

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Жаңалықтар

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

09.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist