АСТАНА. 6 қазан. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев кеше KUSTO GROUP, CP GROUP, CP CHINA компаниялары басшыларымен кездесу өткізіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін ортаға салды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аталған компаниялардың қызметі агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін, бөлшек сауданы, телекоммуникациялар мен медианы, цифрлық технологияларды, автомобиль өнеркәсібін, фармацевтиканы, қаржы, банктік қызметтерді, жылжымайтын мүлік және мұнай-газ салаларын қамтиды.
Кездесу кезінде Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік инвестицияларды тартудың, халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылып жатқаны айтылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жаңартылатын энергетиканы дамыту, цифрлық инфрақұрылым, деректерді өңдеу орталықтарын құру сияқты бағыттардағы жобаларға ерекше назар аударылды.
Нұрлыбек Нәлібаев кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға әлеуетті инвесторлармен бірлесіп кездесу кезінде көтерілген бастамаларды пысықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
USD




