18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей Приднестровьеде де арандатушылыққа кірісіп кетті

26 Сәуір 2022 21:01
- Аймақ, Жаңалықтар
Ресей Приднестровьеде де арандатушылыққа кірісіп кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИШИНЕВ. 26 сәуір. Ресей Федерациясы Молдованың Приднестровье өлкесінде эскалация тудыруды бастап кетті. Бұл туралы point.md хабарлады.

Молдова президенті Майя Санду бүгін осыған байланысты шұғыл өткізілген Жоғары қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеме жасады.

Кеңес отырысында Приднестровьеде соңғы күндері болып жатқан инциденттер мен  оқиғалар жайы талқыланды.

«Ондағы оқиғалардың бәрі ондағы эскалацияны күшейте түседі. Соңғы күндері жиі жарылыстар орын ала бастады, сепаратистік қозғалысқа қайта жан бітті. Келіп жатқан мәліметттерге қарағанда, эскалациялық пиғылдар аймақтың өзі ішінен шығуда. Оларды өңірдегі ахуалдың ширыға түсуіне мүдделі күштер ұйымдастырып отыр», – деді Майя Санду.

Сонымен бірге, Приднестровьеде ресейлік арнайы қызмет агенттерінің әрекеттері әшкереленді. Олардың мұнда арандатушылық әрекеттер жасау үшін арнайы жіберілгендері аян болды. Өздерін «Приднестровье Молдова республикасының министрлігі» деп атап алған ұйым арнайы агенттердің есімдерін атап өтті.

«Патриоттар тобы» деп аталған олар бүгін осыған орай үндеу жариялады. «Біз Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабы агентуралық жүйесі бас басқармасының мақсаты аймақта арандатушылық ұйымдастыруға дайындық жасау болған нұсқаулық мәліметтерін ашып беруге шешім қабылдадық», – делінген үндеуде.

Құжатта Приднестровьедегі «деструктивті жұмысты» үйлестіруге «ПМР президентінің» мұнда 2019 жылы келген кеңесшісі генерал-майор Виталий Разгонов жауапты болған. Оның алдына Приднестровьеде диверсиялық топтар, Молдова мен Украинада толқымалы ахуал туғызатын агентуралық жүйелер, Украинадағы «арнайы операцияны» ақпараттық жағынан қолдау орталығын құру тапсырмалары қойылған.

«Министрлік» өкілдері РФ Батыс әскери округінің 74-ші барлау орталығы мойындалмаған Тирасполь республикасы орталығында орналасқан агентурасының тізімін таратты.

Олардың құрамында мыналар бар:

  • лақап аты «Коммерс» – Нягу Виталий Николаевич, 24.04.1976 жылы туған, РФ мен «ПМР» азаматы, «ПМР» ішкі істер министрі, Тираспольде тұрады;
  • лақап атып «Шифтайн» – Небыйголова Игорь Петрович, РФ және «ПМР» азаматы, Қара теңіз казак әскерлерінің атаманы, Тираспольде тұрады;
  • лақап атып «Тренер» – Коваль Людмила Михайловна, 25.01.1964 жылы туған, «Профсоюзные вести» газетінің бас редакторы, Тираспольде тұрады.

Молдова президенті аймақтағы жағдайды интенсивті түрде тексеруді, оның айналасындағы барлық қозғалысты қатаң бақылауға алуды, шекара мен территорияны күзетуді күшейтуді тапсырды.

Ал Кремль Приднестровьедегі жағдайды қадағалап отырғандарын, ондағы жанжалға кіріп кетуден сақтануға «тырысатындарын» мәлімдеді. Сонымен бірге Владимир Путин Молдоваға доқ көрсетуді ұмытпады.

PS. Дәл қазіргі сағаттарда Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Приднестровье территориясындағы Ресей әскерлерінің жедел топтары жауынгерлік дайындық сапына қойылды, күштік құрылымдар қызметті күшейтілген режимде атқаруға көшірілді деп хабарлады.

Таңбалар: агентураарандатуПриднестровье

Ұқсас мақалалар

Арандату сөздерін айтқан ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылды
Әлеумет

Арандату сөздерін айтқан ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылды

14.08.2026
Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші
Жаңалықтар

Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші

16.05.2026
Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді

22.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist