17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші

16 Мамыр 2026 17:56
- Жаңалықтар, Құқық
Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 мамыр. РФ президенті Владимир Путин Днестр бойы тұрғындарына Ресей паспортын тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Айтылып отырған Днестр бойы аймағы ресми түрде Молдова мемлекетінің құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Бүгін Владимир Путин «Днестр бойы тұрғындарын Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы» жарлық шығарды. Кремльдің құқықтық ақпараттар ресми порталында жарияланған құжатта ол мұның «халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен нормаларына» сүйеніп, «адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында» қабылданып отырғанын атап көрсетеді.

Жарлыққа сәйкес, осы құжат күшіне енгенге дейін Днестр бойында тұрақты тұрып келген 18 жастан жоғары, азаматтықтары жоқ шетел азаматтары оңайлатылған (бірқатар стандартты талаптар сақталынбай) тәртіппен Ресей паспортын ала алады. Сондай-ақ аймақтың кәмелет жасына толмаған немесе еңбекке етуге қабілетсіз тұрғындарын азаматтыққа қабылдау тәртібін белгілеп қойыпты.

Путин бұдан бұрынырақ, 2025 жылдың көктемінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия тұрғындары үшін азаматтықты алудың оңайлатылған жолын осындай жарлық шығарған. Өткен жылдың шілде айында Путин бұл аймақтарда РФ паспортын алудың мерзімін 2028 жылғы тамызға дейін созып берді.

Шынтуайтына келгенде, Абхазия де, Оңтүстік Осетия да Грузия мемлекетіне қарайтын еді. Олар Ресей әскерлері басып алудың салдарынан өз елдерінен ажырап қалды.

Ресей мемлекеттік думасы 13 мамыр күні Путинге көбіне-көп Ресей мойындамайтын соттардың шешімімен шетелдерде қамауға алынған, ұсталған, қылмыстық немесе басқалай қуғынға ұшыраған «РФ азаматтарын қорғау» үшін армияны іске қосуға рұқсат беретін заңды бір ауыздан (384 дауыспен) қолдап шықты. Жазбаша түсіндірмеде құжаттың «достық райлы емес шет мемлекеттердің заңға қайшы әрекеттерінен ресейлік азаматтарды қорғауды күшейтуге» бағытталып отырғаны атап көрсетілген.

Днестр бойы (Днестр бойы Молдова Республикасы) – Еуропаның оңтүстік-шығысында, Днестр өзені жағалауы мен Украина шекарасы аумағындағы жіңішке тілікшеге орналасқан, еш жерде мойындалмаған мемлекет. Ол формалды түрде Молдованың бір бөлігі болып саналады, бірақ 1990 жылдары Кишинеуде орын алған қарулы қақтығыстардан кейін іс жүзінде сепаратистік жеке құрылым ретінде тіршілік етіп келеді. Тұрғындары саны – 350 мыңға жуық, басым бөлігін орыс тілді қауым құрайды. Дегенмен ұлттық құрамға арнайы қарағанда, ол мынадай нақты көріністі алға тартады: орыстар – 29,1 %, молдовандар – 28,6%, украиндар – 22,9%, болгарлар – 2,4%, басқа ұлттар – 17,0 % (гагауздар, белорустар, еврейлер, немістер және поляктар). Яғни мұндағылардың басым бөлігі орыстар екен деп қарауға болмайды.

Мұның бәрі, сірә, Ресейдің Днестр бойына басып кіруге бағытталған қадамының ізашары болса керек.

Таңбалар: паспортПриднестровьеРесей

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist