9 Шілде, 09:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейліктер мобилизациядан соң иврит пен грузин тілдеріне ден қойды

1 Желтоқсан 2022 21:39
- Жаңалықтар, Руханият
Ресейліктер мобилизациядан соң иврит пен грузин тілдеріне ден қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 1 желтоқсан. Ресей президенті Владимир Путин мобилизация жарияланғаннан кейін ресейліктер арасында иврит және грузин тілдерін үйренуге деген құлшыныс күрт артып кетті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Украинадағы соғыс пен елдегі мобилизация ресейліктерді шетел тілдерін жаппай және тездетіп үйренуге көшуге мәжбүр етті. Биылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін мұндағы жұрттың репетиторлар жалдап, шетелдер тілдерін үйрену көрсеткіштері бірден өсті. Осылайша бұлардың арасында иврит (еврей) тілін үйрену деңгейі 206 пайызға көтерілсе, картвель (грузин) тіліне деген ықылас 198 пайызға ұлғайған, ал серб тілін білгісі келетіндердің қарасы 184 пайызға жеткен.

«Профи» сервисінің мамандары басқа бірқатар тілдерге де осындай қызығушылық болғанын алға тартады. «Біздің аналитиктер 2022 жылғы наурыз-сәуір аралығындағы көрсеткішті алдыңғы қаңтар және ақпан айларымен салыстырып қарастырды», – деп түсіндірді РБК тілшісіне сервистің баспасөз қызметі. Сол кезде әлгіндегідей күрт өсу қытай, яғни хань (+109%), болгар (+70 %), түрік (+55 %) және армян (+29%) тілдерін репетиторлар арқылы үйренушілер арасында да байқалған.

Талдаушылар сондай-ақ Ресейде мобилизация жарияланып, елдегі жұрт жаппай үргіншілікке ұрынғаннан кейінгі тамыздан қазанға дейінгі аралықтағы мәліметтерді де салыстырып көрген. Сонда қазан айында серб (+221%), түрік (+69%), иврит (+68%), армян (+60%), картвель (+51%), болгар (+50%) және хань (+15%) тілдері бойынша репетиторлар жалдаушылардың мөлшері бәрінен көп екені анықталған.

Ресейліктер арасында шетел тілдерін үйренуге деген қауырт бұлқыныстың бар екенін халықаралық Language Life онлайн-мектебінің негізін қалаушысы әрі жетекшісі Юлия Амлинская да растады. «Бұл толқын шамамен арнайы операцияның басталған уақыты (2022 жыл, наурыз) мен ішінара мобилизация жарияланған мезгілге (2022 жыл, қазан) тұспа-тұс келеді. Айта кетуіміз керек, әлбетте, тілдерді үйренуге байланысты реакция бірден пайда бола салған жоқ, жұрттың орын алып жатқан оқиғалардың барысын бақылап, талдау жасап барып, осындай шешімге келгендері аңғарылады», – деп атап өтті Амлинская.

Ол ресейліктердің үйренуге ниет білдірген тілдері арасында латыш, литван, эстон және қырғыз тілдері бар екенін сөз етті. Ал қазақ тіліне деген жоғары сұраныс бола қоймаған, бұған Қазақстанда орыс тілі проблемасының жоқ екені, оны меңгерушілік деңгейі жоғары екені әсер етіп отыр, дегенді айтты сосын Амлинская.

Armenian.Light онлайн-мектебі армян тілін үйренуге тілек білдірушілердің көптігіне тап келген. «21 қыркүйектен кейін оң динамика байқалады. Армян тілін үйренуге деген сұраныс Ресей азаматтарының Арменияға көптеп қоныс аудара бастағандарына байланысты тағы өсе түсті», – деп түсіндірді жағдайды мектеп басшысы.

РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте мобилизация жариялады. Оның шеңберінде 300 мың адам әскерге шақырылды. Грузия президенті Саломе Зурабишвили қараша айының ортасында республикаға 700 мыңға жуық ресейліктің келгенін мәлімдеді. Олардың 600 мыңы сосын Арменияға, Түркияға және ЕО елдеріне қарай өтіп кеткен.

Қазақстан билігі қыркүйек айында елге 400 мыңнан аса ресейліктің келгенін, олардың 320 мыңы сосын басқа бағыттарға кеткенін хабарлады. Бұдан басқа, ресейліктер Финляндия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан секілді тағы бірқатар елдерге барды.

Таңбалар: мобилизацияРесейшетел тілдері

Ұқсас мақалалар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Бас баған

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

04.07.2026
Ресейде соңғы 5 жылдан бері бірінші рет маскүнемдердің саны өсіп кетті
Әлеумет

Ресейде соңғы 5 жылдан бері бірінші рет маскүнемдердің саны өсіп кетті

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist