17 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейде соңғы 5 жылдан бері бірінші рет маскүнемдердің саны өсіп кетті

4 Шілде 2026 16:54
- Әлеумет, Жаңалықтар
Ресейде соңғы 5 жылдан бері бірінші рет маскүнемдердің саны өсіп кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 4 шілде. Ресейде соңғы бес жылдан бері бірінші рет «алкогольге тәуелділік» немесе алкогольдік психоз диагнозы қойылған адамдар санының өсуі тіркелді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Коммерсантъ» газеті назар аударып отырғандай, бұл үрдіс жылдан жылға артып, өсу тенденциясы белең алып келеді. РФ Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінен 2024 жылы мұндай кеселдер саны 63,4 мың болса, 2025 жылы көрсеткіштің 83 мыңға барғанын байқаймыз.

Осылайша, алкоголизммен сырқаттанушылық бір жыл ішінде 30%-ға өскен, бұл ең жоғары рекордтық өсім болды. Мұндай тенденция ел бойынша 69 өңірде тіркелді. Алдыңғы жылдардағыдай «алқаштар» саны бойынша Чукотка көш бастап тұр. Ол сондай-ақ алкогольден қайтыс болғандар саны жөнінде де көштің алдын ешкімге бермей тұр.

Еске сала кетейік, 2010 жылғы есеп бойынша, Чукот автономиялы округінде 50 мыңдай ғана адам тұрады. Олардың 52 пайызын орыстар, 26 пайызын чукчалар құрайды. Бұлардан бөлек, жергілікті эскимос, эвен (ламут), чуван, коряк және юкагир атаулы халықтардың өкілдері де бар.

Наркологтардың есебінде тұрған ресейліктердің жалпы саны бойынша 2025 жылға арналған деректер әлі жоқ. Алайда, 2024 жылы, Росстаттың ақпараты бойынша, есепте алкогольге тәуелді 980 мың және есірткіге тәуелді 208 мың азамат болған.

Соғыс басталғаннан кейін Владимир Путин елдегі алкогольді ішімдікті ішетіндер қатарын азайтуды талап етті. Осыдан кейін үкімет алкогольді тұтынуды 2030 жылға дейін төмендету тұжырымдамасын бекітті, оған сәйкес этанолдың орташа тұтыну 2023 жылғы бір адамға 8,9 литрден 2030 жылға қарай 7,8 литрге дейін төмендеуі керек. Өңірлерде алкогольге қарсы науқандар басталып, спиртті ішімдіктерді сатуға қосымша шектеулер енгізілді.

Алайда FinExpertiza есептегендей, 2024 жылы күшті алкогольді сату сегіз жылдың ішінде ең жоғары деңгейге жеткен, сөйтіп, жан басына шаққанда, 8,5 литрден келген. 2026 жылы өсу тенденциясы сақталды. Қаңтар-сәуір айларында ресейліктер 38,33 миллион декалитр спирттік ішімдіктерді сатып алған. Бұл содан бір жыл бұрынғыдан 3,6%-ға көп болып отыр.

Таңбалар: маскүнемдікөсімРесей

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist