ҚЫЗЫЛОРДА. 20 шілде. Қызылорда қаласында жеке инвестор арқылы жаңа заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдап, инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Жоба аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи сауда, демалыс және ойын-сауық кеңістігі бой көтереді.
Облыс әкімдігі жер телімін бөлу, инженерлік инфрақұрылым тарту және қажетті келісу рәсімдеріне қолдау көрсетуге дайын.
Кездесу барысында компанияға қаланың сол жағалауы немесе Президент саябағы аумағынан жер телімі ұсынылды.

USD




