8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 10:20
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 тамыз. Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Құзыреттілік орталығындағы» №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы сайлау учаскесінде тұрғындармен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.

«Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын. Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді», – деді Мұрат Ергешбаев кездесу кезінде.

Ол өз сөзінде бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутаттары сайлауының Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жаңа бағдарын айқындайтын тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Жаңа Құрылтай Парламенттік жүйенің тарихи сабақтастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді. Сыр жұртшылығы  еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Соның ішінде Қызылорда қаласына 132 учаске орналасқан. Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 4 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 учаске бар.

Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетуде.

Тағы бір айта кететін жайт, азаматтардың дауыс беру учаскесін нақтылау мақсатында Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz/ru) жұмыс істейді. Әр азамат жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгенін және сол учаскесінің қай мекенжайда орналасқанын   картадан онлайн көре алады. Бұған қоса, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

Таңбалар: Құрылтай сайлауыҚызылорда облысыМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті
Аймақ

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

04.09.2026
Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты
Аймақ

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты

28.08.2026
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist