19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың жылқысы құрлы намысымыз болмағаны ма?

Ойтүрткі

30 Маусым 2023 12:56
- Қайнар
Қазақтың жылқысы құрлы намысымыз болмағаны ма?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Намысым кеудемді тырмалап, жүрегімді қан-жоса етті…

Қазақтың жылқы малын әу бастан қасиетті санағанына, жеті қазынаның біріне кіргізгеніне басымды тағы да идім.

Атбегі досымыздың аузынан естіген әңгімем қазақтың жылқысында бар намыс пен қасиеттің көп адамда жоғын есіме түсіріп, қатты қынжылтты.

Ақтөбе жақта бір биеге есек артылған көрінеді. Содан қашар туыпты. Сосын ана биені ешқандай айғыр жанына жақындатпай қойғанға ұқсайды. Қаншама үйірге апарып қосса да, айғырлар теуіп, тістелеп қуып, қастарына жолатпайды екен. Сол бие біраз уақыт жалғыз жайылыпты. Ешкім сойып та алмапты. Болмағасын бір күні егесі«тағы да қазақтың малдарының тұқымын бұзбасын» деп, Ресейге сатып жіберіп құтылыпты.

– Қалайша, енді ол жақта да ешқандай үйір алмай қойса ше? – деген сұрағыма досым былай деп жауап берді:

– Алады. Қазақтың жылқыларындай намысты малды көрмедім, – орысың бар, арабың бар, ағылшының бар, – олардың аттары сырт келбеті сұлу көрінгенімен, жүйрік болғанымен, намыстан жұрдай келеді. Намыс пен тазалық тек біздің жылқылардың бойында, біздің қазақы айғырлар өзге үйірден келген биені де оңайлықпен қабылдай қоймайды. Егер ішінде құлынымен келсе, тіпті қиын жағдай…. Үйіріне ешқандай сырттан айғыр жолатпайды. Суғаруға үйірін алып барады, сол сәтте басқа үйір су жағасында болса, аналар ішіп кеткенше, өз үйірін суға жақындатпай иіріп тұратын айғырлар бар. Намыстарына, тазалықтарына риза боласың!

Ойланып қалдым. Кешке үйге келсем, телеарнада бір хабар боп жатыр екен. Бір еркектің әйелі бұзылып, күйеуі мен балаларын тастап, жеңіл жүріске салынып, көрінген көк аттының артынан ілесіп кетіп қалыпты. Былайша айтқанда, бақытты сырттан іздеп, өз қағынан жеріген әйел.

Журналист ер кісіге жаны ашып, сұрақ қойып отыр. «Әйеліңізге не сәлем айтасыз?» – деді бір кез, сонда ана байғұс: «Үйге қайтсыншы, сағындым» деді кемсеңдеп…

Сонда мал екеш мал құрлы болмағанымыз ба?..

Әлия ҚАРАБЛИНА

 

Facebook-тан

Таңбалар: ер кісіқазақнамыс

Ұқсас мақалалар

Оянба, қазақ, оянба!
Қазына

Оянба, қазақ, оянба!

10.03.2026
Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген еркектің әйелі де айыпты
Жаңалықтар

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген еркектің әйелі де айыпты

16.09.2025
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті

10.05.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist