25 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті

10 Мамыр 2025 07:45
- Жаңалықтар, Таным
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 10 мамыр. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, айтулы ақын, қоғам қайраткері Темірхан Медетбек 81 жасында қайтыс болды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов әлеуметтік желіде жариялады.

«Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті».,– деп жазды ол.

«Соңғы аптада Темірхан ағамыздың ауыр халде ауруханаға түсуіне байланысты отбасымен, дәрігерлермен Жазушылар одағының басшылары үнемі хабарласып тұрды», – деп атап өтті сосын.

Темірхан Медетбек 1945 жылы 6 наурызда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі – Түркістан) облысының Түркістан (қазіргі – Сауран) ауданындағы «Амангелді» ауылында туған.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі – Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор болып қызмет етті, Маңғыстаудағы барлау экспедициясында жұмысшы, Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының сол облыстағы әдеби кеңесшісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі – «Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі болды. Бұдан кейінгі жылдары Алматыға қайта оралып, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Ақиқат» журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.

Алғашқы жыр жинағы – «Жанымның жас құрағы» деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары  оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. Бұдан кейін «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны», ІІІ томдық «Таңдамалы жыр жинағы» секілді оннан астам жыр жинақтары жарыққа шықты. «Абай әлемі» (1995) және «Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар» (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді.

Бұларға қоса, «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты сын кітаптары, «Толғауы тоқсан дүние» атты публицистикалық ой-толғаулар мен эсселер кітабы жарық көрген. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. «Көк түріктер сарыны» атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған.

Ақынның өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған. Өзі Пушкин, Лермонтов, Якуб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Эркин Вахидов, Кулаковский сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Бельдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармасын тәржімалаған.

Темірхан Медетбек 2000 жылы «Тағдырлы жылдар жырлары» жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Қош бол, ақиық ақын, арқалы азамат!

Таңбалар: ақынқазақТемірхан Медетбек

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026
Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

09.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist