АСТАНА. 4 қыркүйек. Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде фармацевтикалық кәсіпорындардың өндірістің көлемі 37 пайызға өсіп, түсім көлемі 191 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өндіріс көлемінің өсуі жалғасып келеді. 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында 126,6 млрд теңгенің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары өндірілген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көп.
«Бүгінде елімізде фармацевтикалық және медициналық өнім өндіретін 209 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді.
Отандық өнімнің заттай көрсеткіштердегі үлесі 40,3%-ға жетті», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, осы ретте қабылданған 8 ірі жоба Қазақстанда алғаш рет 494-тен астам атаудағы дәрілік заттарды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қантамыр, аутоиммундық, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттар бар.
Нәтижесінде бұл пациенттер үшін қолжетімді дәрілік заттардың көбірек болуын және елдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруды білдіреді.
USD




