5 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

2 Қыркүйек 2026 17:41
- Аймақ, Жаңалықтар
Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 қыркүйек. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыр өңірінің белгілі педагогы, журналист, қоғам қайраткері Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы қатарға қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Зертхана білім алушылардың журналистика саласындағы теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, заманауи медиа құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, жаңа зертхананың жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызын атап өтті.

Іс-шара барысында университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін Қалқабай Әбеновтің ұлы Қанат Қалқабайұлы Қорқыт ата атындағы «Алтын медальмен» марапатталды.

Салтанатты шарада Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, Сыр өңірінің көрнекті журналисі, қоғам қайраткері, «Сыр журналистикасы» қорының құрылтайшысы Қожахмет Мырзаев сөз сөйлеп, Қалқабай Әбеновтің журналистикадағы өнегелі жолы мен өңір баспасөзінің дамуына қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.

Журналистік шеберлік зертханасының ашылу салтанатында лента қию рәсімі филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Кенжалы Райымбекұлына берілді.

Жаңадан ашылған зертхананы университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» бөлімінің аға оқытушысы Асыл Қожабайқызы таныстырды.

Салтанатты шараға облыстағы зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, Қалқабай Әбеновтің отбасы мен туған-туыстары, журналистер және білім алушылар қатысты.

Қалқабай Әбенов – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Сыр өңірінің қоғамдық-саяси, рухани және мәдени өмірінде өзіндік орны бар көрнекті журналист, соғыс ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ұзақ жылдар бойы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің редакторы қызметін атқарған.

Таңбалар: зертханаҚалқабай Әбеновунверситеті

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist