23 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17 Тамыз 2026 20:33
- Жаңалықтар, Қайнар
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 тамыз. Қазақстан кардиолог-дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алудың жаңа моделін дайындап шығарды. Бұл туралы Ertenmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада 14-15 тамызда Қазақстан атеросклероз қоғамының үшінші жыл сайынғы съезі өтіп, оған офлайн және онлайн форматта 1,6 мыңнан астам дәрігер мен мейіргер қатысты. Онда мамандар атеросклерозды ерте анықтау, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, цифрлық технология мен жасанды интеллектіні медицинаға енгізудің жаңа тәсілдерін ортаға салды.

Съезд Халықаралық атеросклероз қоғамының, Еуропа атеросклероз қоғамы мен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан атеросклероз қоғамы бүгінде аталған халықаралық кәсіби ұйымдар құрамында жұмыс істейді. Жиында елдегі кардиологиялық көмекті жетілдіруге арналған ғылыми әрі практикалық ұсыныстар талқыланды.

Бағдарлама шеңберінде 13 ғылыми сессия өтті. Биыл алғаш рет кардиоренометаболикалық синдром, мультидисциплинарлық команданың жұмысы, әйел денсаулығы мен жүрек, ми мен жүрек қызметінің атеросклероз және деменциямен байланысы жеке қаралды.

Бұдан бөлек, съезде мейіргерлерге арналған арнайы сессия мен Қазақстан атеросклероз қоғамының пациенттер қанатының отырысы өткізілді.

Форум мінберінен 68 спикер сөз сөйледі. Оның 20-сы халықаралық медициналық орталықтар мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері құрады. Олардың қатарында International Atherosclerosis Society және European Atherosclerosis Society сарапшылары болды.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 506 дәрігер мен мейіргер тікелей атсалысты. Тағы 1 112 маман онлайн қосылды. Трансляцияны Қазақстаннан бөлек, Ресей, Ұлыбритания, Қырғызстан, Молдова, Нидерланд, АҚШ, Қытай, Эстония және Сакартвело мамандары көріп отырды.

Съездің негізгі тақырыптарының бірі қан айналымы жүйесі ауруларына бағытталды. Мамандар жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып отырғанын, ал жедел миокард инфаркті мен инсульт өлім мен мүгедектікке жиі әкелетін дерттердің қатарында екенін атап өтті. Көп жағдайда олардың түпкі негізінде жүрек пен ми артерияларының атеросклерозы жатады.

Съезде ұсынылған мәлімет бойынша, инфаркт пен инсульт жағдайларының шамамен 90 пайызының нәтижесіне атеросклероз ықпал етеді. Сондықтан мамандар аурудың пайда болу тетіктерін, қауіп факторларын, ерте диагностика мен заманауи емдеу әдістерін жан-жақты талқылады. Негізгі мақсат жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім мен мүгедектік көрсеткішін азайтуға мүмкіндік беретін тәсілдерді жүйелеу болды.

Қазақстанда атеросклерозды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Бұған қоса, амбулаториялық және стационарлық кардиологиялық қызметті ұйымдастыруға қатысты жүйелік мәселелер шешіліп жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстандағы аталған жұмыс IAS және EAS тарапынан жоғары бағаланған.

Съезд қорытындысында негізгі ұсыныстар арнайы қарарға енгізілді. Соның бірі липидология, атеросклероз және кардиоренометаболикалық синдром бойынша медицина мамандарын жүйелі оқытуға қатысты болды. Білім беру бағдарламаларынан өткен мамандарды міндетті сертификаттау да ұсынылды.

Даярлық шаралары кардиологтармен ғана шектелмейді. Бағдарламаға жалпы практик дәрігерлерді, терапевтерді, эндокринологтарды, неврологтарды, нефрологтарды, қан тамыры хирургтарын және интервенциялық кардиологтарды қамту ұсынылды. Барлық өңірде мультидисциплинарлық команда құрып, мейіргерлерді де арнайы оқыту көзделді.

Тағы бір басым бағыт – облыс орталықтары мен ірі қалалардағы липид орталықтарының желісін кеңейту. Оларды халықаралық Lipid Clinic Network жүйесінің бір бөлігі ретінде дамыту ұсынылып отыр. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, әсіресе ауылдық жерлерде, атеросклероз кабинеттерін ашу қажеттігі көтерілді.

Мұндай орталықтар халықаралық стандарттарды күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар дәрігерлерді оқыту мен ғылыми зерттеу жүргізетін мамандандырылған алаңға айналуы мүмкін. Сарапшылар өңірлер арасындағы медициналық көмектің сапасындағы алшақтықты азайту үшін аталған инфрақұрылымның маңызы жоғары екенін атап өтті.

Қабылданған қарарда скрининг жүйесін кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Популяциялық зерттеуді медициналық қызметкердің тікелей қатысуынсыз, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүргізу ұсынылды. Мұндай тәсіл қауіп тобындағы азаматтарды ертерек анықтауға және профилактикалық жұмыстың ауқымын кеңейтуге жол ашады.

Мамандар қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерді бағыттау мен тұрақты бақылау алгоритмін де жетілдіру қажет деп есептейді. Липид орталықтары мен атеросклероз кабинеттерінің базасында цифрлық технология мен жасанды интеллект көмегімен жаңа диагностика және емдеу әдістерін енгізу ұсынылды. Соның нәтижесінде пациенттің жағдайын ұзақмерзімді бақылауға және қауіп факторына ертерек жауап беруге мүмкіндік туады.

Съезд қатысушылары атеросклероздың тұқым қуалайтын түрлері бар пациенттер бойынша ұлттық регистрлер құру мәселесін де қозғады. Сонымен бірге азаматтардың жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға белсенді қатысуын және дәрігер тағайындаған емді тұрақты сақтауын күшейту қажеттігі айтылды. Профилактика медициналық ұйымдардың ғана емес, пациенттің де күнделікті жауапкершілігі ретінде қарастырылды.

Осылайша, Астанада өткен съездің қорытынды ұсыныстары атеросклерозды емдеумен ғана шектелмейді. Құжат медицина мамандарын даярлау, мамандандырылған орталықтарды дамыту, цифрландыру, жасанды интеллектіге негізделген скрининг және профилактикалық медицинаны қатар қозғайды. Жаңа модель жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресті ауру басталғаннан кейін емдеуден ерте анықтау мен алдын алуға қарай бұруды алға тартады.

Таңбалар: алдын алуинсультинфарктҚазақстансъезд

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Әлеумет

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21.08.2026
Қызылордада интернет алаяқтығының алдын алуға арналған шара өткізілді
Жаңалықтар

Қызылордада интернет алаяқтығының алдын алуға арналған шара өткізілді

10.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist