5 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

1 Қыркүйек 2026 18:33
- Әлеумет, Жаңалықтар
Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АҚТАУ. 1 қыркүйек. Есімі республикаға белгілі журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жоламан Бошалақ 83 жасында бақилық болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жоламан Оңдыбайұлы Бошалақ 1943 жылы Атырау облысы Ембі ауданы «Тұрғызба» ауылында туған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Мамандықтары – журналист, саясаттанушы. КСРО телерадио үздігі (1991), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000).

Жоламан Бошалақтың сара жолы мен шығармашылық өмірінің басым бөлігі Маңғыстау өлкесімен тығыз сабақтасты. Ол аймақтың журналистика саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өңірдегі баспасөз пен облыстық телевизияның өркендеуіне зор үлес қосты.

Еңбек жолын 1971 жылы Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор болып бастап, 1979 жылға дейін редакция меңгерушісі, бас редактор дәрежесіне дейін өсті. Ал 1981-1984 жылдары Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол» (қазіргі – «Маңғыстау») газетінде бөлім меңгерушісі болған. Бұдан кейін 1984-1989 жылдары Мұнайлы аудандық «Мұнайлы жаңалығы» газетінің редакторы, 1990-1994 жылдары Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы, төрағаның орынбасары, телестудия директоры, 1994-1995 жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, 1995-2002 жылдары облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Ал 2002-2006 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты.

Жоламан Бошалақтың қаламынан туған туындылар «Қарлығаш» (1981), деген кітап болып жарық көрді. Бұдан бөлек, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары жайында жазған терең танымдық «Әке туралы сөз», «Екі халық – бір тағдыр» секілді мақалалар мен очерктер топтамасы оқырманға жол тартты. Оның маңғыстаулық еңбек озаттары жайында жазған очерктері «Асқан асу» (1980) мен «Уақыттан озғандар» (1981) жинақтарына енді.

«Жоламан Бошалақ – кәсіби журналистикаға адалдығымен, қаламгерлік қарымымен және азаматтық ұстанымымен әріптестерінің құрметіне бөленген аға буын өкілі. Оның өңір журналистикасына сіңірген еңбегі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған шығармашылық мұрасы ел жадында сақталады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы хабарламасында.

Қарымды қаламгердің өмірлік серігі қазақтың таңдаулы ақын қыздарының бірі Гүлжауһар Сейітжан еді. 1947 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында өмірге келіп, 1954 жылдан Семей облысының Аягөз ауданында өскен, осы аудандағы «Таскескен» орта мектебін үздік аяқтаған ол 1971 жылы болашақ жары Жоламанмен бірге ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. Екеуінің курстастары арасында Смағұл Елубаев, Баққожа Мұқаев, Шөмішбай Сариев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жақау Дәуренбеков, Дәулет Сейсенұлы, Жеңіс Шыныбеков секілді танымал ақын-жазушылар болды. Маңғыстау жерінде шын таланты ашыла түсіп, 11 жыр жинағын баспа жүзінен шығарып үлгерген Гүлжауһардың туған ағасы Зуфар Сейітжанов та кезінде жақсы көрінген талантты шайыр еді. Өкінішке қарай, өмірінің соңғы жылдарын қатерлі дертпен күресумен өткізген Гүлекең 2017 жылы 24 ақпанда өмірден өтті. Осы қаза да Жөкеңе оңай тимегенін біз жақсы білеміз.

Міне, енді арамыздан сол қарымды қаламгер, ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы болған әзиз әріптесіміз, ардақты ағамыз, өте мәдениетті, сыпайы, дегдар, мінезге бай адам ретінде ортасына танылған атпал азамат та бақилыққа ұзап бара жатыр.

Бақұл болыңыз, Алла алдыңыздан жарылқасын, аяулы Жөке. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, пейіште нұрыңыз шалқысын.

Rast.kz интернет-басылымының ұжымы

Таңбалар: Жоламан БошалаққазаМаңғыстау

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist