5 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

4 Қыркүйек 2026 17:44
- Аймақ, Жаңалықтар
«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қыркүйек. Бүгін Қызылорда қаласы іргесіндегі Қарауылтөбе ауылдық округінде «Дала күні – 2026» іс-шарасы өткізіліп, Сыр күрішін саралап ору басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Дәстүрлі алғашқы орақ салу рәсімі бұл жолы Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, сондай-ақ министрліктер өкілдері, еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қала және аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, су шаруашылығы мекемелері мен шаруа қожалықтарының төрағалары, қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы еңбеккерлерді құттықтап, биылғы жауапты науқанға дайындық барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Сыр елі – ежелден диқаншылық дәстүрі орныққан берекелі өңір. Ақ күрішімен аты шыққан аймақ бүгінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық азық-түлік нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ғылымды дамытуды, соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыруды атап өткен болатын, – деді Мұрат Ергешбаев. – Басты міндет – дәстүрлі саланың әлеуетін заманауи технология, ғылым және инновациямен сабақтастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізу. Бұл ретте мемлекеттік қолдау мен ғылым мүмкіндігін шаруалардың тәжірибесімен ұштастыру маңызды.Барша диқан қауымын күрішке орақ түсуіменқұттықтаймын! Еңбектеріңіз берекелі болып, ақ күріштен мол өнім жиналсын. Сыр өңірінің ырысы арта берсін!»

Жиында Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация вице-министрлері, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығыныңбасқарма төрағасы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов сөз сөйлеп, саладағы өзекті мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.

Басқосуда ала жаздай аптап ыстықта маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, бірқатар азаматқа «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, облыс әкімінің Алғыс хаты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері және Құрмет грамотасы, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет грамотасы» табыс етілді.

Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи техникалармен және олардың мүмкіндіктерімен танысты.

Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – күріш селекциясымен және тұқым шаруашылығымен айналысатын бірегей аграрлық ұйым. Биыл институттың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлініп, заманауи селекциялық техникалар мен тұқым зауыттары алынды. Бұл тұқым шаруашылығының дамуына, оның ішінде отандық күріш сорттарының сапасы мен егіс көлемінің артуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде вегетациялық кезең тұрақты өтіп, егіс алқаптары жоспарға сәйкес сумен қамтамасыз етілді.

Одан бөлек, су үнемдеу технологияларын қолдауға 2026-2028 жылдарға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл күріш алқабы қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Су үнемдеу технологияларын енгізу және әртараптандыру бағытында ірі инвестициялық жобалар қолға алынды.

 

Таңбалар: алтын орақкүрішҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26.08.2026
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist