25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин армиясының ең ірі шетелдік күші кімдер болатыны анықталды

8 Қазан 2025 10:20
- Жаңалықтар, Жаһан
Путин армиясының ең ірі шетелдік күші кімдер болатыны анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 8 қазан. Ресейдің басқыншы армиясы сапында соғысатын ең ірі шетелдік легионның қай келден келетіні белгілі болып отыр. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина шенеуніктерінің айтуынша, жақын арада Ресей жағында 25 мың кубалық соғысып, солтүстік кореялықтарды басып озуға мүмкіндік алады.

Рекордтық шығындар мен азайып бара жатқан жалдау санының орнын толтыру үшін Мәскеу шетелден әскери күштер тартып жатыр. Орыстың басқыншылық соғысы бара-бара Украинаға қарсы авторитаризмнің көп ұлтты, прокси науқанына айналды.

«Путин режимі кубалық жалдамалыларды тартудан пайда көреді» деді Украина әскери барлауының өкілі Андрей Юсов 19 қыркүйекте АҚШ конгресінің мүшелеріне берілген материалдарда», деп жазады Forbes.

«Егер бұл соғыста шетел азаматы қаза тапса, олардың отбасыларына әлеуметтік жеңілдіктер де берілмейді, орыстар жауапкершілікті де өз мойындарына алмайды, себебі, оларлың Ресейде соғысқа наразы болып отырған туыстары жоқ, сосын бұл ресейліктердің өлімін азайтады», – деді Юсов.

Британ барлауының бағалауынша, Ресейдің соғыста жер жастанған құрбандары саны қазір миллион адамнан асқан. Кремль енді бұл олқылықтарды толтыру үшін Африка, Латын Америкасы мен Орталық Азияға көз салып, сол жақтан легионерлерді тартуға немесе мәжбүрлеуге ықтиярлы болып отыр.

Көптеген кубалықтар үшін бұл соғыс қаржы табудың бір көзі болып табылады. Оларға айына 2000 доллар шамасында жалақы төлкуне уәде етілген. Бұл олардың өз елдеріндегі айлықтан айтарлықтай жоғары. Сондықтан Ресей соғысы мыңдаған адамды келісімшарттарға қол қоюға итермелейді.

Вирджиния университеті Миллер орталығының доценті Кристина Лопес-Готтардидің айтуынша, Куба ауыр экономикалық және энергетикалық дағдарысты бастан кешуде. Аралдағы орташа айлық жалақы 20 доллар шамасында көрінеді.

Кариб теңізіндегі мемлекет азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанармай тапшылығымен, сондай-ақ күнделікті электр қуатының үзілуімен сипатталған отыз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыспен күресіп жатқанда, кедейлік деңгейі күрт өсіп кеткен. Кубаның 2025 жылы 21 шілдеде отставкаға кеткен Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Марта Елена Фейто елде «қайыршылар» жоқ, тек «қайыршы кейпіне енген адамдар» бар деп мәлімдеді.

Гавана Ресейдегі соғысқа кубалықтардың тікелей қатысын жоққа шығаруда, алайда сарапшылар Куба билігінің үнсіз рұқсатынсыз жалдау ауқымы мүмкін емес деп санайды.

Мемлекеттік департаменттің 2 қазандағы құпиясыз хабарында АҚШ миссияларына Уашингтонның Украинадағы соғысқа 1000-нан 5000-ға дейінгі кубалықтар қатысуы мүмкін деген бағасына сілтеме жасады.

Таңбалар: КубалегионерлерРесейсоғыс

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist