ЖЕНЕВА. 6 қазан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Ресейден обаға қарсы институтта төтенше жағдай туралы қосымша ақпарат күтетінін айтты. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сейсенбіде Ресей билігі Сібір мен Қиыр Шығыстағы Иркутск обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының анықталмаған кеселден көз жұмған қызметкерімен байланыста болған барлық адамдарды анықтады деп мәлімдеді. ДДҰ сонымен бірге Ресей Федерациясынан болған оқиға туралы қосымша ақпарат сұрады.
«Қолда бар мәліметтер бойынша, пациентпен байланыста болған барлық адамдар анықталып, медициналық бақылауда болады. Қазіргі уақытта олардың ешқайсысында аурудың белгілері байқалмады», – деді ДДҰ өкілі Кристиан Линдмайер.
Оның айтуынша, Ресей билігі өкпе обасы ҒЗИ қызметкерінің өліміне себеп болды ма, жоқ па, соны анықтап жатыр, бірақ ДДҰ-ның өтінішіне әлі ресми жауап бермеген.
Бір күн алдын АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Ресейге көмектесуге дайын екенін айтып, Иркутскідегі төтенше жағдайды үлкен мәселе деп атаған болатын.
USD




