МӘСКЕУ. 6 қазан. Ресей билігі «ақылды үйлерге» арналған гаджеттерді міндетті тіркеуді енгізуге дайындық жұмыстарын қызу жүргізе бастады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Ресейліктер бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесіне (ESIA) құрылғыларды орнату мекен-жайларын, оларға байланысты нөмірлерді, сондай-ақ олардың жеке мәліметтерін енгізуге міндеттелінеді. «Антифрод 3.0» заң жобасымен танысқан «Известия» осындай шешімге келді. Мұнда гәп машинааралық өзара әрекеттесу жабдықтары (M2M) – төлем терминалдары, су және электр есептегіштері, түтін датчиктері, дабылдар және мобильді желілерге қосылған бейнекамералар жайлы болып отыр.
Бұл ретте заң жобасы қабылданғаннан кейін жұмыс істеп тұрған гаджеттер үшін өтпелі кезең көзделетін болады, оның барысында оларды есепке қою қажеттілігі туындайды. Өз кезегінде байланыс операторлары желіге қосылған гаджеттер туралы деректердің дұрыстығын тексеруге міндеттенеді.
USD




