18 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин – әлем лидерлері арасындағы ең беделі төмен басшы

24 Маусым 2022 17:46
- Аймақ, Жаңалықтар
Путин – әлем лидерлері арасындағы ең беделі төмен басшы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 24 маусым. Американың Pew Research Center ұйымы жүргізген сауалдама Владимир Путиннің әлемдегі лидерлер арасындағы ең беделі төмен мемлекет басшысы екенін көрсетті. Бұл туралы немістің Deutsche Welle газеті жазды.

Ұзын саны 18 елдің респонденттері қатысқан сауалдамада АҚШ президенті Джо Байденнің қазіргі таңда жүргізіп отырған әлемдік саясаты бұрынғысынша бәрінен жоғары саналған. Ал жер шарындағы ірі державалар басшылары арасындағы ең танымал емесі, сүйкімсізі РФ президенті Владимир Путин болып шыққан.

«Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі 2022 жылғы ең танымал емес, яғни беделсіз саясаткер болып аталды. Америкалық Pew Research Center ұйымының сәрсенбі, 22 маусым күні жарияланған социологиялық зерттеулері нәтижелері сұрау салынған 18 елдің 9-ының ғана оны танымал деп есептейтінін көрсетті. Ал сөйлеушілердің 90 пайызы оның жүргізіп отырған саясатын қатты айыптады. Бұл – соңғы 20 жылдың көлеміндегі бірінші ең төменгі көрсеткіш», – деп атап өтті DW.com.

«Жалпы, Путиннің рейтингісі осы 20 жылдың ішінде ұдайы осыншалықты төмен болған жоқ. Лекін, оның соңғы жылдары тұрақты түрде ұдайы тек төмен түсіп келгені тағы жасырын емес», – деп түсіндірмен жасады Pew Research Center.

Германияның өзінде респонденттердің 14 пайызы оның әрекетін бұрынғысынша қолдайды. Ал неміс жастары арасындағы көрсеткіші бұдан да жоғары – 22 пайыз. Шамасы, фашизмді көрген елдің ұландары сол кезді де бір еске түсіріп қоятын шығар.

Еуропа жұртының Путинге деген қарым-қатынасы оның саяси көзқарастарымен тікелей байланысты, деп тұжырымдайды зерттеушілер. Өз елдерінде оңшыл популистік партияларды көбірек қолдайтын жамағаттардың біраз бөлігі Путиннің қазір жүргізіп жатқан әрекеттерінің дұрыстығына сенім білдіреді. Мысалы, «Грек шешімі» партиясының тірлігіне оң көзбен қарайтын гректер арасында РФ президенті саясатына қолдау білдірушілер 55 пайызға жетіп отыр.

«Тап осындай заңдылықты оңшыл популистік партиялардың жақтаушылары көптеу Германия, Ұлыбритания, Франция және Швеция елдерінен байқауға болады», – деп жазады басылым.

Алайда, тұтастай алғанда, Ресейге қырыс қарайтындар қатары айтарлықтай көбейе бастаған. Атап айтқанда, 18 елдегі респонденттердің 85 пайызы бұл елге негативті көзқараста екендерін жеткізген. Бұлардың да басым бөлігі «өте негативті» деген тармақты көбірек белгілеген. Мұндай тенденция Италия, Грекия және Польша елдерінде бәрінен көп. Бұл елдерде соңғы сауалдама жүргізілген уақыттан бері төмен құлдырау 30 пайызға дейін өскен. Германияда сұрау салынғандардың 16 пайызы Ресейге әлі де жақсы қарайды.

Таңбалар: беделВладимир Путинрейтинг

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды
Әлеумет

Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

10.09.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist