18 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзбекстан жастар құрамасы (U-20) 1/8 финалдық кезеңнен өте алмады

2 Маусым 2023 23:16
- Жаңалықтар, Сайыс
Өзбекстан жастар құрамасы (U-20) 1/8 финалдық кезеңнен өте алмады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

САНТЬЯГО-ДЕЛЬ-ЭСТЕРО. 2 маусым. Өзбекстанның футболдан жастар құрамасы  (U−20) Аргентинада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Израильден 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы gazeta.uz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Өзбекстан терма жамоаты негізгі уақытта қарсыластарымен тең түсті. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ал овер-таймда Таяу Шығыстан келген жігіттер бір гол салып, ойын тағдырын шешіп кетті.

Матч 30 мамырда ойналды. Ойынның 12-минутында израильдіктер есеп ашып кете жаздады, алайда жартылай қорғаушы Тай Абед Кассустың баспен ұрған добы бағаннан қайтты.

Осыған ұқсас жағдай 20-минутта өзбектер тарапынан қайталанды. Шабуылшы Аббос Файзуллаев сол қапталды жарып өтіп, айып алаңына қарай доп жөнелтті. Оны қабылдап алған жартылай қорғаушы Шерзод Эсатов қақпа маңдайшасына тигізді.

Матчтың соңында Израиль футболшылары қысымды күшейтті, олар бірнеше рет есеп ашатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Ақырында қосымша таймның 7-минутында өзбек қорғаушысы Абубакир Ашуровтың аяғынан ұшқан допты израильдік шабуылшы Анан Халили  дереу торға бағыттап үлгерді.

Осылайша Равшан Хайдаров жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы жарысты аяқтады. Ал Израиль өзінің тарихында бірінші рет ширек финалға шықты.

Чемпионаттың 1/8 финалдық ойындары 30 мамырда басталды. Бұл күні АҚШ Жаңа Зеландияны 4:0, Уругвай Гамбияны 1:0 етіп ұтты.

31 мамырда Бразилия Тунисті 4:1, Колумбия Словакияны 5:1, Италия Англияны 2:1 етіп жеңді. Ал 1 маусым күні екі бірдей сенсация тіркелді. Атап айтқанда, Корея Эквадорды 3:2, Нигерия Аргентинаны 2:0 етіп сүріндірді. Бұған дейін жеңілген екі команда да турнирде жақсы келе жатқан болатын.

Ширек финалда енді Израиль – Бразилия, Колумбия – Италия (3 маусым), АҚШ – Уругвай, Корея – Нигерия (4 маусым) құрамалары өзара күш сынасады.

Жартылай финал 8 маусымда, ал үшінші орын үшін талас пен финалдық ойын 11 маусымда ойналады.

Суретте: Өзбекстан құрамасы

Таңбалар: жастарӨзбекстанфутбол

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist