19 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орыстар соғыстың арқасында бақуатты өмір сүре бастаған көрінеді

6 Ақпан 2025 13:07
- Әлеумет, Жаңалықтар
Орыстар соғыстың арқасында бақуатты өмір сүре бастаған көрінеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 6 ақпан. Ресейліктердің дені Украинада жүріп жатқан соғыстың арқасында байлықтары артып, жақсы өмір сүре бастаған сияқты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

РФ-ның ресми статистикасы халықтың материалдық жағдайы жақсара түскенін көрсетіп отыр. Мысалы, тұрғындардың ахуалы былтыр алдыңғы жылға қарағанда, анағұрлым жақсарған сыңайлы. Айтуларынша, табыс пен жинақтың көлемі өсуде, кедейлік пен жұмыссыздық азайып келеді.

Алайда, «Левада Центр» сауалнамасының нәтижесі бойынша, соңғы бір жылда халық кедейленді деп есептейтіндер байыды деп ойлайтындарға қарағанда көп. «Өмір сүру деңгейі қалай өзгерді» деген сұраққа сұралғандардың 38 пайызы «жағдай нашарлап кетті» деп жауап берсе, 18 пайызы керісінше «жақсара түсті» деп санайтыныдарын білдірген. Жақсы ақша табу мүмкіндігі туралы жауаптардың арақатынасы 30 пайыз және 23 пайыз (37% ештеңе өзгерген жоқ деп есептейді, тағы 9% жауап беруге қиналды). Керісінше, материалдық игіліктерді бөлудегі әділеттілік те төмендеген, атап айтқанда, 29% жағдай нашар, 11% жақсы жаққа өзгерді деп есептейді.

Ресми статистикаға сәйкес, адамдар өткен жылы айтарлықтай байып шығыпты. Росстат мәліметінше, қаңтар-қазан айларында жалақы 2023 жылдың 10 айымен салыстырғанда 17,9%-ға, ал нақты мәнде (инфляцияны есепке алғанда) 8,9%-ға жоғары болған. Қазан айында орташа жалақы 86,6 мың рубльге толды. Қаңтар-қыркүйек айларында халықтың қолындағы нақты ақшалай табысы (міндетті төлемдерден кейін қалғаны) өткен жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда, 8,6%-ға жоғары өрлеген. Орталық банктің мәліметінше, бір жыл ішінде банктердегі халық қаражаты 11,9 триллион рубльге немесе 26 пайызға артып, 57,5 ​​триллион рубльге жеткен. Ал 11 айдағы барлық жинақтар (эскроу шоттарын қоспағанда) – 14,3%-ға 118,8 триллион рубльге дейін. Кедейлік деңгейі де бір жыл бұрынғы 9,3%-бен салыстырғанда, 2024 жылдың үшінші тоқсанында 8%-ға дейін төмендеді.

Дегенмен, Росстат тек «ұйымдар қызметкерлерінің» жалақысын ескереді, бұл жұмыс істейтіндердің жартысынан сәл астамы. Бұл ретте 40 миллионнан астам зейнеткер кедей өмір сүре бастаған: қаңтар-қарашада зейнетақы нақты мәнде 0,7%-ға қысқарды, ал 2024 жылғы қарашада бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға азайыпты.

Қорытындылай келгенде, бөтен елдің босағасынан аттаған басқыншылық соғыс орыстарға жаққан сияқты.

Таңбалар: байлықРесейстатистика

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist