МӘСКЕУ. 9 маусым. Орыс шіркеулері Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталуы үшін ғибадат жасауға кірісіп кетті. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұндай дұғалар орыс шіркеуінің бірқатар храмдарында ашық түрде жүре бастады. Олар Патриарх Кириллдің тиісті бұйрығы болмағанына қарамастан жасалып жатыр.
«Дін қызметкерлерінің көбісі Ресей арнайы соғыс операциясы салдарынан жойылып кетуі мүмкін деп санайды. Бұған ықтиярлайтын қауіптер бар. Сондықтан соғыс тезірек аяқталсын деп дұға етеміз. Мен жеңіске жеткенді қалаймын, бірақ оның келер түрі жоқ. Сондықтан біз тым болмағанда, жағдайдан жақсы шығып кету үшін дұға етеміз», – деді шіркеудің жоғары лауазым атқаратын мәнбелерінің бірі.
Ол арнайы соғыс операциясына арналған дұғалар көбінесе келушілердің қатысуынсыз оқылатынын, «ешкім видео түсірмеуі үшін, патриарх ашуланбауы үшін бәрін жария етпеуі үшін» осылай оңаша жасайтынын атап өтті.
Кремльдегілер мұндай ғибадаттар орын алып жатқанын естігендерін айтады. Бірақ мұны ұнатпай әрі таңғала қабылдайды.
«Шіркеу Владимир Владимирович үшін, жеңіс үшін дұға етуі керек. Бірақ жақын арада жеңістің болмайтыны түсінікті, сондықтан қазір арнайы соғыс операциясының тез аяқталуы үшін де дұға ете алмайсыз. Біз онда не болып жатқанын тексеріп көрейік. Біз ешкімге соғыстың жылдам аяқталуы үшін дұға етуді тапсырған жоқпыз», – деді президент әкімшілігіндегі мәнбе.
USD




