11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

15 Қыркүйек 2026 21:40
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 15 қыркүйек. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық тау-кен өндіруші Zijin Mining Group компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Тараптар Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды игеру, қайта өңдеу жобаларын талқылады.

Zijin Mining Group әлемдегі ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 1,09 млн тонна мыс өндіріп, әлемдік өндірушілер арасында 4-орынға ие болды, алтын өндіру көлемі 90 тоннаны құрады. Компания мыс қоры бойынша әлемде 3-орында, алтын мен мыс ресурстары бойынша – 5-орында, мырыш бойынша – 6-орында, литий бойынша 7-орында тұр.

Қазақстанда Zijin Mining Group Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жұмыс істейді. Жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылысына салынатын тікелей инвестициялар көлемі $600 млн-нан асады. Жоба жылына қосымша 10 млн тонна кен өңдеу қуатын құрып, тау-кен байыту кешенінің жалпы қуатын 16 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді.

Компания Қызылорда облысындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнына да қызығушылық білдіріп, жобаға ықтимал қатысу мүмкіндігін нақты пысықтауға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде минералдық шикізатты терең қайта өңдеу, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Таңбалар: Zijin Mining GroupНұрлыбек Нәлібаевтау-кен өнеркәсібі

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды
Дәулет

Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды

03.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist