МӘСКЕУ. 29 сәуір. Ресейдің Орталық банк бастығы Эльвира Набиуллина елдің экономикасын қаржыландырудың ендігі жалғыз көзі ресейліктердің жинақ ақшалары екенін атап өтті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейліктердің жинақ ақшалары елдің экономикасын қаржыландырудың жалғыз көзі болып қалып отыр, өйткені салынғае санкцияларға байланысты отандық компаниялар үшін Батыс капиталының нарықтары жабылды. Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина сейсенбі күні «Альфа-саммитте» осыны мәлімдеді.
«2022 жылға дейін біздің салымшыларымызға, біздің компанияларымызға, былайша айтсақ, Еуропа, АҚШ азаматтарының жинақ ақшалары қолжетімді болды. Тап жинақ қаржылары. Сосын бұл елдерде инфляция төмен болғандықтан, пайыздық мөлшерлемелер де төмен еді, сондықтан біздің компанияларымыз бұл жинақ қаржыларды төменгі ставкалармен ала алатын», – деді Насибуллина.
«Біздің шетелдерден осы несиелерді алған экспорттық секторымыз тауар өндіруді ұлғайтып, оларды экспортқа жіберу үшін процестің бәрін жеңілдете отырып, Еуропа мен АҚШ азаматтарының қаржыларын кредитке ала беруші еді», – деп түсіндірді ол.
«Ал қазір бізге әлемнің жинақ қаржылары «қолжетімді» емес, сондықтан қаржыландырудың бірден-бір көзі ресейліктердің жинақ банкілеріндегі депозиттері ғана болып отыр», – деді сосын соңында.
USD




